Трамп Иерусалимді мойындамаған елдерге қаржы бөлмейтінін айтты
Айтқанымызға көнбесе, ақша бермейіз. АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп танығысы келмейтін елдерге қарсы шіреніп шықты. Ол АҚШ-тың сөзін құптамағандарға қаржылай көмекті доғаратындарын айтты.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.12.2017
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
-Олар бізден жүздеген миллион, тіпті миллиардтаған доллар алып отыр. Сөйтіп алып бізге қарсы дауыс береді. Қайтеміз, солай-ақ болсын. Есесіне, біз бұл елдерге кететін көмекті қысқартып, біраз қаржымызды үнемдейміз.
Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі Американың Иерусалимді Израиль астанасы деп тануын айыптаған еді. АҚШ осы аптаның басында ұйымның бұл қарарына наразылық ветосын жолдады. Араб елдері де АҚШ шешіміне қарсы болып, бұл мәселені Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында қарауды ұсынды. Оған дауыс беру бүгін өтеді. Әлемдік саясаттағы бұл дау қазірдің өзінде Палестина мен Израиль арасындағы жағдайды ушықтыра бастаған. Атақты Хамас ұйымы болса, палестиналықтарды қайта бас көтеруге шақырып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!