{metadescription}
Астана әуежайындағы тұрақтан қымбат көлігі ұрланған кәсіпкер полицейлердің сылбырлығына ашулы
Астана әуежайындағы тұрақтан қымбат көлігі ұрланған кәсіпкер полицейлердің сылбырлығына ашулы

Астана әуежайындағы тұрақтан қымбат көлігі ұрланған кәсіпкер полицейлердің сылбырлығына ашулы

Астанада Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайдан 2 ай бұрын ұрланған джип әлі күнге дейін табылмай жатыр. Көкшетаулық Виктор Трунин Елордадан Мәскеуге іссапармен ұшатын болып, «Ланд Крузер Прадосын» әуежайдың қызметтік көліктер тұрағына қалдырып кеткен. 5 күн өткен соң Ресейден оралған ол көлігінің орнын сипап қалған. Полиция барып, бейнебақылау камерасындағы жазбаны да алыпты. Алайда стратегиялық нысаннан жоғалған джипті тәртіп сақшыларының іздеуі  мардымсыз болып тұр екен.

-Бизнесі Мәскеумен байланысты көкшетаулық азамат Виктор Трунин көлігін  үнемі Астананың әуежайындағы тұраққа қалдырып, шетелге ұшып барып келіп жүр екен.  Сол жолы да елге оралғанда ұшақтан түсісімен темір тұлпарына мініп кете беремін деп ойлаған. Бірақ тұраққа келсе, көлік орнында жоқ болып шығады.

Мұндайды күтпеген бизнесмен полиция шақырған. Труниннің айтуынша, бейнебақылау камерасына түнгі екілер шамасында белгісіз екеудің келіп, джиптің есігін ашып мініп кеткені түсіп қалған. Бұл бейнетаспа қазір полицияда. Бірақ, неге екені белгісіз, тәртіп сақшылары аты дардай Халықаралық әуежайдан жоғалған «Прадоны» іздеуге асықпай отыр дейді кәсіпкер.

Виктор Трунин, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Мен көлігімді қызметтік көлік тұрағына қалдырдым. Өте асығыс едім. Ол көлік терминалының дәл қасы болатын. Онда машинасын әуежай қызметкерлері ғана қалдырады. Ақылы тұрақтан орын табылмай, сонда қоюыма тура келді. Міне,содан бері екі ай өтті. Сонда не, Астанадағы маңызды нысанның өзінде қауіпсіздік сақталмай ма? Кім көрінген тонап кете бере ме?

Осылай деп ашынған көкшетаулық азамат жоғын іздеп Астанадағы Есіл аудандық ішкі істер бөліміне  3 рет барып  келген. Оның айтуынша, тергеу мардымсыз жүргізіліп жатыр екен. Қымбат көлігінен айрылып жаяу қалған ол тергеушілер қазір телефонын да көтермей қойды деп шағымданады. Ал полициядағылар қол қусырып отырған жоқпыз дейді.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөзхатшысы:

-Осы қылмысты ашуға бағытталған барлық тиісті шаралар жүргізілуде. Және де осы қылмыстың ашылуы ішкі істер департаменті басшылығының қатаң бақылауында тұр.

Сондай-ақ, полицейлер әуежай жолаушысы көлігін күзетілмейтін аумақта қалдырып, шетелге алаңсыз ұшып кеткенін айтады. Ал іс басшылықтың бақылауында болғанымен, жақын арада ашыла қоймайтын сияқты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде