Биткоин құлдырап кетті
Құны 20 мың долларға жеткен криптовалюта жексенбіден бері қатты арзандап барады. Бүгін тағы 13 пайызға түсіп, қазір оның бір данасы 13 мың долларға бағаланып отыр.
22.12.2017
Пайда болғалы бері тоқтаусыз өскен елес ақшаның бағасы енді төмен сырғып барады. Ең жоғарғы жеткен биігі жексенбі күні 20 мың доллар болды. Құнын жылдам жоғалтып бара жатқанын мына сызбалардан көруге болады. Небәрі 5 күннің ішінде 7 мың долларға түсіп кетті. Бүгіндікке таң атқалы бері нарықтағы бағасы 13-14 мың доллардың аралығында құбылып тұр. Сарапшылардың айтуынша, электронды ақша құнының бұлай төмендеуіне бірнеше себеп бар. Өткен сейсенбі күні Bitcoin.com компаниясының негізін қалаушы Эмиль Олденбург өзінің бүкіл биткоинын сатып жіберген болатын. Онысымен қоймай, көзге көрінбейтін ақшамен сауда жасаудың болашағы жоқ деп салды. Одан кейін Сингапурдың қаржы-несие басқармасы мәлімдеме жасап, криптовалютаға құйылған инвестиция үлкен қатерге бәс тігу екенін ескертті. Осы жаңалықтар биткоинді біраз әлсіреткен сияқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!