{metadescription}
Еліміздің кинотеатрларында «Елки» комедиясының көрсетілімі басталды.
Еліміздің кинотеатрларында «Елки» комедиясының көрсетілімі басталды.

Еліміздің кинотеатрларында «Елки» комедиясының көрсетілімі басталды.

Отбасымен бірге отырып тамашалайтын кинотуынды желтоқсанның қақаған суығындағы жарқын сәттерге толы. Әртістер құрамына Дмитрий Нагиев қосылған. Ал оны көруге асыққандар бүгіннен бастап кинотеатрлардан қараса болады. 

 «Елки» елімізде неше жылдан бері таралып келе жатқан ресейлік фильмдер циклы. Түсінгендер туындының атауына дейін күледі. Бұл жолғысы да шытырман жайттарға толы. Күлегештердің сүйіктісіне айналған әртістер мұнда да барын салған.   

-В лесу каждый сам за себя. 

Басты кейіпкерлер  Құдай қосқан көршілер Семен Светлаков пен Иван Ургант ұрыс-айғаймен жүріп, үйлерін өртеп ала жаздайды. Ал фильмдегі ақшақардың аяғы ауыр. Режиссерлар Тимур Бекмамбетов пен Жора Крыжовниковтің айтуынша, бір-біріне тіркесе шығып жатқан бұл фильмдер бүкіл Ресей аумағын қамтиды. Онысын біздің көрермендер көруге ынтызар екен. Киноны алғаш боп қызықтауға келгендер аз болмады. Көбісі осыған дейінгі нұсқаларына қанық екен. Алтыншы шығарылымын да ұнатып қапты. 

Екатерина Евдокимова: 
-Анам екеуміз отбасылық жаңажылдық ертегілер әлеміне кіріп келгендей болдық. Жалпы, мереке қарсаңында осындай көңілді көтерер кино көрген керемет әсер береді. «Елки» осымен алтыншы рет шығып отыр. Көргенімізге қуаныштымыз. 

Біздің елде фильмді таратып отырғандар «Меломан» компаниясы. Ол сонымен бірге, «Дисней», «Сони» және «Базилевс» компанияларының ресми дистрибьюторы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде