Ктк-да премьера! «Сүйікті Дениз» сериалы басталғалы жатыр
Сериал сүйер қауымға арнап арнамыз жаңа хикаяның көрсетілімін бастайды. «Сүйікті Дениз» - Түркияда талай көрерменнің жүрегін жаулап қана қоймай, көптеген отбасының сақталып қалуына өз үлесін қосқан бірден-бір туынды. Ал рөлдерді қазақ көрерменіне өнерімен ұнап үлгерген кілең танымал актерлар ойнаған.
22.12.2017
Зәулім үйі, тату-тәтті отбасы, бір сөзбен айтқанда тілегені бәрі бар Дениз жан құрбысы қастаңдық ойламағанша, өмірдегі ең бақытты әйел еді. Оның бұл бақытын көре алмаған Хюлья күйеуін азғыруды ойлайды. Ол ойын іске асырады да. Қызметші қызбен таныстырып, отбасына іріткі салады. Тағдыр тәлкегіне түскен келіншек ақыр соңында көк тиынсыз бала-шағасымен көшеде қалып қояды. Бірақ, тағдыр мұнда да оны сынауын тоқтатпайды. Сұмдық жайттарға толы сериал ақыл тоқтатқан, көбіне отбасылы азаматтарға арналған. Басты кейіпкер Дениздің рөлін Озге Озберк ойнаған. Ал адасқан күйеудің рөлінде Хакан Эратик. Туынды бастан-аяқ қазақ тіліне аударылып, орысша субтитрмен жазылған. Сатқындыққа тап болған әйелдің бастан кешкен оқиғаларын көргіңіз келсе, дүйсенбі сағат 18,00-де "Сүйікті Дениз" премьерасын жіберіп алмаңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!