ШҚО-да артық қыламын деп тыртық қылған әкім үлкен дауға қалды
Шыршадан шыққан шу! Шығыс Қазақстан облысында шенеуніктер жаңа жылды тойлау үшін кететін шығынды азайтудың өзіндік амалын тауыпты. Сөйтіп, ауыл әкімдігі алдында өсіп тұрған қылқан жапырақтыны түбінен қырқып алып, стадионға орнатқан. Бірақ бұған жергілікті тұрғындар қарсы болып отыр.
22.12.2017
-Бәлен жыл өсіп тұрған шыршаны кесуге бүкіл ауыл қарсымыз. Бұл не, ақша жеудің амалы ма?!
Глубокое ауылында жарты ғасыр бойы өсіп тұрған кәрі ағаш қасындағы Абайдың ескерткішіне қауіп төндіре бастаған көрінеді. Осылай деп күдіктенген атқамінерлердің ойына бұдан басқа амал-айла түспепті. Сөйтіп, оны ауылдың көрнекті жеріне орнатқан. Жергілікті басшылардың сөзіне сенсек, қазір стадионға сән беріп тұрған ол енді ешкімге де қауіпті емес. Ал неге өзге шырша қойылмады деген сауалға сырғытпа жауаппен құтылды.
Виктория Борозина, «Нұр Отан» партиясы Глубокое аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
-Бұл деген қосымша шығын ғой, әрі жұмысы да көп. Оның үстіне шыршаны орманнан кесіп әкелген де дұрыс емес. Сондықтан осылай жасаған жөн деп таптық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!