Қарағанды облысында мал қырылып жатыр
Қарағанды облысындағы Қарақұдық ауылында жылқылар жаппай ауырып, карантин жарияланды. Қазір ауылда қатерлі лимфангит дертіне шалдыққан 12 қамбар ата тұқымы анықталған.
Автор: Саят Сабдалы
22.12.2017
Жазира Мүкбелова, Қарақұдық ауылының тұрғыны:
-Бірден ісімейді, ең бірінші қотырланып, содан кейін бара-бара ісіп жарасы суланып аға бастайды екен. Біз оған дәрі ектік поливак деген дәрі. Ауылдың бәрі соны алғасын біз де алдық. Емделмей қойды содан кейін қаражатымыз жоқ қайта-қайта ала беруге.
Ауылға желтоқсанның басында ғана жайлаудан келген жылқылардың жайы осындай болып тұр. Ауру белгілері білінісімен осы түлікте кеңінен кездесетін «сақау» дерті шығар деп тұрғындар өздері емдеп көріпті. Алайда алынған қан құрамы зерттеліп, лимфангит ауруына шалдыққаны анықталған. Лимфангит немесе Африкалық сап дертіне шалдыққан жылқылардың денесіне жара қаптап, іріңі судай аққасын ақыры мал болмайды екен. Жаман кеселдің қайдан келгенін ешкім де дөп басып айта алмайды. Мал дәрігерлері қазір ауылды карантинге жауып, ауру жылқылардың көзін жоямыз деп отыр.
Қарлығаш Мұжаева, Қарақұдық ауылының мал дәрігері:
-Олар қазір оқшауланып тұр ғой. Оларды қазір эпизоиткалық отряд келіп, көзін жояды. Сосын үкіметтен өтемақы төленеді. Одан кейін де тағы да белгілер анықталса көздері жойылып, малы жойылған ауалаларда дезинфекция жасалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!