{metadescription}
Қарағанды облысында немересін өлтірген кісі  қылмысының себебін түсіндірді
Қарағанды облысында немересін өлтірген кісі  қылмысының себебін түсіндірді

Қарағанды облысында немересін өлтірген кісі қылмысының себебін түсіндірді

Қарағанды облысында 3 жасар немересін бауыздап өлтірген 39 жастағы Виталий Таговскийге қатысты сот үкімі шықты. Прокуратура өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын сұрағанымен, сот оны 19 жылға кесті. Дегенмен, Таговскийдің әйел, бала-шағасы бұл үкіммен келіспей отыр. Айтуларынша өлген бала өлді, ал бір қоралы жанды асырап отырған отағасының орны бөлек екен.

Таговскийдің ісі  Қарағандыдағы мамандандырылған қылмыстық істерді  қарайтын сотқа түскен. Дегенмен, 20-ға тарта жұпыны үйі бар Дербісәлі ауылындағы куәгерлердің қалаға қатынауға жағдайлары болмапты.

Сондықтан судья процесті Шет ауданының өзіне барып өткізді. Сөйтіп, аталған іс екі-ақ күн қаралды. Өйткені Виталий Тоговский тергеу кезінен-ақ қылмысын мойындап, сотта да соны қайталады.

Виталий Таговский сотталушы:

-Бір сәтте есімнен айырылып қалғандаймын. Бала жылай берген соң шығар. Қолыма пышақ алып, Арсеннің тамағын осып жібергенім ғана есімде. Ары қарай не болғанын білмеймін. Қазір қылмыс жасағанымды толық мойындаймын.

Сот-медициналық сараптама арқылы бүлдіршіннің дәл осы тамақтан осып жібергенде жан тапсырғаны анықталды. Ал соның алдында ғана атасы Арсенді көкала қойдай қып сабап, үсті-басын тілгілеп, құлағына дейін кесіп алғанда бала тірі болған екен. Одан кейін кеудесіне тағы 3 рет пышақ ұрған. Осы жайттарды анықтаған прокуратура қылмыскерге қатаң жаза сұрады.

Дархан Құлжанов прокурор:

-Өзін қорғамақ боп бетін көлегейлегенде пышақтың жүзі білек тұстарын тілген. Үсті-басы мен бетінде де шышақ тиген жері көп. Мұның барлығы кішкентай Арсеннің жанын әбден қинағаны анық. Сондықтан оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраймын.

29 қыркүйек күні Виталий Таговский әйелі екеуі араққа сылқия тойған. Отырыстың арты жанжалға ұласып, Виталий жұбайын үйден қуып шығады.

Ал шудан оянып жылаған 3 жастағы Арсеннің сәл ғана ғұмыры қалған екен. Жасағанын ертеңіне ғана көріп, тұра қашқан Таговский 5 күннен соң үйіне келгенде ұсталды. Ал енді оның  туыстарына келсек, бұлардың әрекетін түсіну қиын. Араққа салынса да алты баланы асырап отыр еді, тірегіміз болатын дейді. Арсенді 15 жасында некесіз туып алған қызы да әкесін кешіргенін айтады. Өлгеннің артынан өлмек жоқ деп отыр. Сондықтан бүгінгі үкіммен келіспеген олар апелляциялық арыз жазбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.