Ақтөбелік тұрғын балаларының көзінше келіншегін бауыздамақ болған
Қайта Құдай сақтап, сілтеген пышағын әйел қолмен көлегейлеп қалыпты. Тіпті, Айсұлу қансырап жатқанда он төрт жыл отасқан жұбайы жедел жәрдемді шақыртуға кедергі келтірген.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.12.2017
34 жастағы келіншек өз күйеуінен мұндай айуандықты күтпегенін айтады. Сол күні жұмысқа жиналған оның жолын бөгеп, жұдырық ала жүгірген. Артынша пышақ алып, жүрегіне тықпақ болыпты. Қайта әйел сол қолымен кеудесін жауып үлгерген. Араққа сылқия тойып алған отағасы араша түспек болған екі баласына да әл бермеген. Осылайша әйелін өлтіріп қоя жаздаған азаматтың үстінен қылмыстық емес, әкімшілік іс қозғалып, ол небары үш күнге қамалыпты. Ал Айсұлу оның қатаң жазалануын талап етіп отыр. Өйткені бостандықта жүрсе өмірімізге қауіп төндіреді дейді.
Айсұлу Айкиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Пышақты ар жақтан барып алып келді. Сені өлтіремін деп, жүрегіме қарай тығамын деді. Мен тек қолымды алдыма қойып үлгердім. Мына жерімнен тықты. Кешірім сұрап жүрген ештеңесі жоқ. Сені өлтірмей қоймаймын деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!