Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қызға шұғыл қан керек
Алматы облысында туған әкесі өртеп жіберген қыздың беті бері қарар емес! Денесінің 90 пайызы күйген науқас көптің көмегіне мұқтаж. Яғни, хәл үстінде жатқан бойжеткеннің еміне тез арада қан керек.
Автор: Нүргүл Нұрланқызы
22.12.2017
Дидар Сақалов, науқастың туысы:
- Дәрігерлер бүгін ғана айтып жатыр қан керек деп. Қан береміз дегендер болса Қаскелең қаласындағы облыстық қан тапсыру орталығы бар, сол жерге келіп қан тыпсырып, көмектерін көрсетсе екен дейміз.
18 жастағы Аружан Қанат әлі аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Жақындары ол сауығып кетеді деген үмітте. 1-курс студентін өзінің әкесі 2 күн бұрын өртеп жіберген болатын. 44 жастағы еркек 2 баласы мен бұрынғы әйелі тұрып жатқан жатақханаға түн ортасында келіп, өз-өзіне бензин құйған. Сөйтіп, қара басымен қоса, ұл-қызын отқа орады. Қаскөйдің өзі де, 12 жастағы жасөспірім баласы да сол жерде тіл тартпай кетті. Отанасының да денесі күйіпті. Қазір қара жамылған әйел үйінде ем қабылдап жатыр. Марқұмды мұндай әрекетке отбасындағы ұрыс итермелеген болуы мүмкін. Көршілер сол қаралы түні де айқайдың даусын естігендерін айтуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!