{metadescription}
 Алматыда егіз ұлдарын  өлтірген қатыгез әке-шеше ұзақ мерзімге сотталды
 Алматыда егіз ұлдарын  өлтірген қатыгез әке-шеше ұзақ мерзімге сотталды

Алматыда егіз ұлдарын өлтірген қатыгез әке-шеше ұзақ мерзімге сотталды

Қолымен істегенін мойнымен көтереді! Алматыда егіз ұлдарын қинап өлтіріп, мәйіттерін тоңазытқышқа тығып қойған ата-ана тиісті жазасын алды. Бүгін судья атышулы іске үкім шығарып, 1 жасар сәбилерді өз қолымен тұншықтырған әкені 20 жылға соттады.Ал, оның сыбайласы, яғни, марқұм балалардың туған анасы 18 жылын түрмеде өткізеді. Айуандыққа барған ересектер бұл шешімді шіміркпестен қабылдады.

Атышулы істің нүктесі қойылған отырысқа сотталушыларға жаны ашитын тірі жан келмеген. Жақындары да, қорғаушылары да төбе көрсетпеді. Есесіне, қаптаған журналист жүр. Өйткені, Алла Волченко мен Эмиль Гильмутдиновтің әрекеті дүйім жұртты дүр сілкіндірген болатын. Міне, бүгін ел естімеген қылмыс жасағандар заң алдында тиісті жазаларын алды.

Ерлан Болатов, судья:

- Эмиль Гильмутдинов кінәлі танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздігі күшейтілген мекемеде өтейді. Бұған қоса, қылмыскерке 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Оның сыбайласы Алла Волченко да алдағы 18 жылын түрмеде өткізеді. Негізі Өзбекстан азаматы өзі құлап жатып, сүрінген әйеліне барынша араша түскен. Безбүйрек ананың өзі де кінәні сүйіктісіне жауып, жазадан сытылып кетуге тырысты. Тіпті, құрсақтан шыққан сәбилерін ажалға жетелеген әйел соңғы сөзінде оларды шексіз жақсы көргенін айтып, ағынан жарылды.

Алла Волченко, айыпталушы:

- Балалар менің бақытым. Оларды тезірек көргім келіп, жұмыстан соң үйге асығатынмын. Мен ұлдарым үшін бәріне дайын болдым. Егіздер мәңгі менің жүрегімде. Азаматтық некедегі күйеуімнің арам ойы туралы білгенімде, бұған көз жұма қарамас едім.

Бұл сөзіне сенсек, Волченкодан артық қамқор ана жоқ. Десе де, оның 3 ұлына да салғырт қарағанын сараптама дәлелдеп берді. Яғни, күтім көрмеген балалардан түрлі аурулар анықталған. Ал, қылмыскерлер сот бойы жауаптарын өзгертіп отырды. Басында екеуі Салауат пен Ринатты өлтіруге тұрмыс тауқыметі итермеледі деген. Көп ұзамай ересектердің айуандыққа баруына марқұмдардың бала болып жылап, мазаны алуы себеп болғаны айтылды. Ал, артынша ішімдікті сылтау етті.

Эмиль Гильмутдинов, қылмыскер:

- Балаларды өлтіру туралы шешім қабылдағанда, миым істемей қалды. Оған қоса, әйеліммен ұрысып қалдым. Арақтың буы тағы бар. Болған жағдайдың жартысы есімде жоқ. Ұлдарды тұншықтырған соң, дірілдей бастадым, өкіндім, не істерімді білмедім.

Айтпақшы, енді ерлі-зайыпты сот шешімімен еркінен тыс маскүнемдіктен емделетін болды. Бұл екеуі жантүршігерлік қылмысты қыркүйекте жасаған. Бірінші балалардың көзін жою туралы шешім қабылдап, бұған тыңғылықты дайындалады. Тіпті, арнайы үй жалдаған. Сөйтіп, қаскөй әке бейкүнә сәбилерді тұншықтырып, ажал құштырыпты. Бауыр еті балалары азаппен өлтіріліп жатқанда 34 жастағы әйел жайбарақат қыдырып жүрген. Кейін ерлі-зайыпты мәйіттерді сөмкеге салып алып, жиі қоныс ауыстырыпты. Тоңазытқыштағы өліктер тек 5 күннен кейін табылды. Олардың денесінің шіри бастаған иісін көрші-көлем сезіпті.

- 18 және 20 жылға сотталғандар 2 жастағы ұлын да көше ортасында қараусыз тастап кеткен. Әйтеуір, сақшылар бүлдіршінді дер кезінде құтқарып қалды. Ол қазір балалар үйінде тұрып жатыр. Бүгін судья да 2 жасар Равильді қамқоршылық органына өткізу туралы шешім шығарды. Ал, ерлі-зайыптыны ата-ана құқығынан айыру мәселесі бөлек қаралмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде