Ктк-да премьера! «Сүйікті Дениз» сериалы басталғалы жатыр
Сериал десе ішкен асын жерге қоятын қауымға арнап бүгіннен бастап жаңа телехикаяның көрсетілімі басталады. «Сүйікті Дениз» - Түркиядағы ең танымал сериалдардың бірі. Туынды ерлі-зайыптылар арасындағы небір қиындықтарды баяндайды. Ал рөлдерде қазақ көрерменіне бұрыннан таныс актерлер ойнаған.
Автор: Аруна Ортай
25.12.2017
Дениздің бұл ең бақытты күндері еді. Зәулім үйі, екі баласы, сүйікті жары бәрі қасында. Жан құрбысының да жағдайын жасап, барымен бөліскен келіншекке нақ сол құрбысы қастандық жасайды. Оның бақытын көре алмаған Хюлья күйеуін қызметші қызбен таныстырып, отбасына іріткі салмақ болады.
-Қыз, Әлиханды ұнатып қалған болсаң менен қысылма! Түптеп келгенде олар соншалықты тату-тәтті отбасы емес. Оны ұнатып қалғаным рас. Бірақ, енді үйленген еркектермен байланысқым келмейді. Әлихан өте келбетті жігіт, бірақ оның қандай ойы бар екенін білмеймін ғой? Мен бұған сенімді емеспін. Оны білу оңай.Мен бір жоспар ойлап таптым.
Көп ұзамай өз дегеніне жетеді де. Ұрымтал сәтті пайдаланған құрбысымақ ақыры екеуін табыстырып тынады.
-Шын мәнінде нағыз жанып тұрған от екеніңе сенімдімін. Саған күшім жетпес деп ойламаймын. - Сен мені тұйыққа тіредің. Сен де мені тұйыққа тіредің.
Сұмдық жайттарға толы сериал ақыл тоқтатқан, көбіне отбасылы жандарға қызық болуы тиіс. Басты кейіпкер Дениздің рөлін Озге Озберк ойнаған. Ал адасқан күйеудің рөлінде Хакан Эратик. Аса танымал әртіс кинода әйеліне опасыздық жасағанымен, өмірде адал жар.
- Ештеңе ішпеймін дедім ғой саған. Бұл үйде бірер минут оңаша қала алмаймын ба немене?!
Осылайша, арам құрбының кесірінен отбасыда ұрыс-керіс басталады. Екі бірдей баланың әкесі ақыры отбасынан кетіп тынады.
Бірақ Дениз үшін қиындықтар мұнымен бітпейді. Өйткені, күйеуі опасыздық жасағаны былай тұрсын, бар дүние-мүлкін сатып жіберген екен. Тағдыр тәлкегіне түскен келіншек көк тиынсыз балаларымен көшеде қалады. Бірақ, тағдыр мұнда да оны сынауын тоқтатпайды. Түркияда бірінші көрсетілімінен-ақ танымал болған сериалда әйгілі әртіс Ахмет Кутси Қарадоан да ойнаған. Кутси әрі белгілі әнші. Махаббат жайлы әсерлі әндердің авторы. Сериал бастан-аяқ қазақ тіліне тәржімаланған. Орысша субтитрлары бар. Сатқындыққа тап болған әйелдің бастан кешкен оқиғаларын көргім келеді десеңіз, ендеше бүгін сағат 18,00-де сериалдың премьерасын жіберіп алмаңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!