Алматыда қисайған үйдің тұрғындары тағы шу шығарды
Алматыда 2 жыл бұрын қисайған үйдің тұрғындары не ауруханаға бара алмай, не тіркеуге тұра алмай жүр. Себебі берілген жаңа үйге ешбір тұрғының құжаты жоқ. 9 ай бойы қағазды алу үшін талай табалдырықты тоздырып, жауап ала алмаған тұрғындар сөзінше, жауапты мекемелер құрғақ уәдеге тойдырып болған.
Автор: Аида Мағыпар
25.12.2017
Атышулы Алғабас ықшамауданындағы қисайған үйдің тұрғындары осыдан 9 ай бұрын жаңа үйге көшірілген болатын. Сол кезде бөріктерін аспанға атып қуанғанымен, енді құжатын реттей алмай пұшайман күйде жүр.
Зина Нағыметова, Алматы қаласының тұрғыны
-Бізге прописка керек,бізге документ керек деп жаңа срочно осы сөзді айтқан себебім ,потому что біз қорқып тұрмыз далада қаламыз ба деп.Енді кіргізуін кіргізгенмен шығарып жіберуі де оп-оңай.
Шенділердің шешімін күткен жұрт жаңа жыл келісімен жаңа заң күшіне енеді деп қорқады. Себебі осы күнге дейін құр уәдеден басқа олардан еш бір нәтиже көре алмапты. Ал жауапты мекеме болса бұл жағдайдың сағызша созылуына «Астана құрылыс» компаниясы мен құрылыс басқармасының арасындағы сот процессі себеп деп отыр. Ал нақты не себепті сотқа бергендерің айтудан үзілді кесілді бас тартты.
Екі компания арасындағы басты келісім қисайған үйді жаңа үйге ауыстыру болатын. Алайда заң бойынша ауыстыру мүмкін емес екен. Әрі «Астана құрылыстың» жертелімін алған рұқсаты да өтіп кеткен. Осылайша екі тараптың тартысынан баспана құжатына қол жеткізе алмай жүргендер аудан әкімінен жауап сұрады.
Шахмерден Рыспаев, Алатау ауданының әкімі:
- бүгін сот жүріп 20 қараша 2017 аяқталды да 28 желтоқсаннан соттын шешімі күшіне енеді. Сол соттын шешімі күшіне енгеннен кейін бұл кісілерге уақытша жер пайдалану актісі бойынша жер пайдалануға беріледі содан кейін үйді заңдастырып тұрғындарға олар тікелей береді.
Шенеуніктер сөзінше, 72 отбасыға баспананың құжаты көктемге дейін рәсімделмек. Әрі кеткен шығынды да көп ұзамай қайтарып береміз деп сендірді. Бірақ, осы кезге дейінгі құрғақ уәделерге тойдық деген тұрғындар, бұл жолы да талабымыз аяқасты қала деп қорқады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!