Тікелей эфир: Қытай қазақтарының жағдайын екі жақтың дипломаттары бірлесіп шешіп жатыр
Қытайдағы қазақтардың жағдайын екі жақтың дипломаттары бірлесіп шешіп жатыр. Мәжіліске есеп беруге келген еліміздің Сыртқы істер министрінен депутаттар шеттегі қандастарымыздың мәселесін тағы сұрады. Қайрат Әбдірахманов Шыңжаң ауданындағы қазақтарға қатысты жақында қытай шенеуніктерімен келіссөз жүргізгенін айтты. Сондай-ақ, бүгін депуттар қазақ-қырғыз шекарасындағы тыйылмай тұрған мал контрабандасын да көтерді.
Автор: Жәудір Оразхан
25.12.2017
Мәжіліс депутаттары да бүгін бірініші кезекте Сыртқы істер министрінен осы мәселені сұрады. Өйткені, жаздан бері Шыңжаң автономиялық ауданында тұратын қандастарымыздың құқығы тапталып, қысым көруде деген әңгіме халық арасында басылмай тұр. Қазір бұған байланысты депутаттың сауалы мен оған министрдің жауабын тыңдап көрейік.
Бақытгүл Хаменова, Мәжіліс депутаты:
- Экономика өсуде, қатынас оңалуда, десекте, жаз бойы ақпарат желілерінде біраз тақырып болған қытайдағы қазақ диаспорасының жағдайы тұрақталды ма?
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- 19-желтоқсанда біз ҚХР-ның Бейжің қаласында Сыртқы істер министрліктері арасында қауіпсіздік мәселеларі бойынша келіссөз жүргіздік, министрлердің орынбасарлары деңгейінде. Мысал келтірейін, сол келіссөз кезінде біз өз тарапымыздан ҚР мен Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданы арасында мәдени салада ынтымақтастықты нығайту туралы жоспарын әзірлеруді көтердік.
Яғни, шеттегі қандастарымыздың басына түскен қиындықты Қытай мен Қазақстанның дипломаттары бірлесіп шешетін болыпты. Әбдірахманов жақында екі жақ нақты шараларға кіріседі деді.
Мәжілісте есеп берген Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың қасына шекарашылар да еріп келген. Депутаттар осы мүмкіндікті пайдаланып, жауаптылардан қазақ-қырғыз шекарасындағы мал контрабандасының қашан тыйылатынын сұрады.
Роман Ким, Мәжіліс депутаты:
- Менің сұрағым шекарашыларға. Олар шекарадағы әр бағананы жақсы біледі. Егер бәрі сіздер айтқандай жақсы болса, онда қазақ- қырғыз шекарасы неге тоз-тоз болып жатыр. Мен тыйылмай отырған мал контрабандасын айтып отырмын.
Шекар қызметінің басшысы қырғыз азаматтарының заңсыз, төрт түлікті еш тексеруден өткізбей шекарадан алып өтетінін мойындап отыр. Дегенмен, Дархан Ділманов контрабандамен күресетін техника да, маман да жеткілікті дейді. Алайда, әзірге одан нәтиже жоқ.
Егер көршілеріміз бұл әдетін қоймаса, біздің өрістегі малға түрлі ауру жұқтырып, ет экспортына зиянын тигізуі мүмкін деп қауіптеніп отыр мәжілісмендер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!