Кандидат деп тіркемесе, бүкілресейлік шеру ұйымдастырмақ
Ресейлік саясаткер Алексей Навальный президент сайлауына шындап кірісті. Оның сайлауалды бағдарламасының өзі өте ауқымды. Билікке келе салысымен, қазіргі жүйені түгел ауыстырмақ.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.12.2017
Алексей Навальный, Ресей президенттігіне үміткер:
-Менің сайлау алдындағы бірінші уәдем, бұндай сайлау әдісін мейлінше жеңілдетем. Біз болашақтағы жарқын Ресейде интернет арқылы дауыс беретін боламыз.
Навальныйдың елге берген уәдесі көп. Ол билікке келе сала, үкіметті қайта жасақтамақ. Айтуынша, өзінде жемқорлықпен күресудің ең үздік бағдарламасы бар. Сол арқылы ақшасын шетелге тығып байығандардан құтылуға болады. Сөйтіп, қарапайым азаматтардың бай өмір сүруіне жағдай жасамақ. Ресей заңы бойынша, кандидат ретінде тіркелу үшін кем дегенде 500 адам қол қойып, ұсыну керек. Оппозиционер тиісті құжаттарын жинап, сонымен бірге 742 адамның қолы қойылған қағазды да орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Сонымен бірге, Ресейдің 20 қаласында оны қолдаушылар тобы құрылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!