{metadescription}
Павлодар облысының әкімдігі Төреғали Төреәліні ресми шараларға шақырмайтын болды
Павлодар облысының әкімдігі Төреғали Төреәліні ресми шараларға шақырмайтын болды

Павлодар облысының әкімдігі Төреғали Төреәліні ресми шараларға шақырмайтын болды

Шаһардың мәдениет үйінде жеке ән кешін берген ол сол жерде жасы үлкен көрерменімен сөзге келіп, тіпті оны залдан қуып жіберген. Сөйтсе, әлгі ақсақал «Қызылорданы масқаралап жүрсің» деп әншінің қытығына келетін сөздерді айтқан. «Ұлы дала  баласы» осы әрекеті үшін көпшіліктен кешірім де сұрады

Төрағалидің Павлодардағы «Айхай-25» атты кеші төрт күн бұрын болғанымен оның маңайындағы шу әлі де басылар емес. Жас өнерпазға залда отырған егде адамның: «Қызылорданың масқарасын шығарып жүрсің» деп айқайлауы түрткі болған. Мұны естіп ашуланған Төреәлі көрерменіне көпшілік алдында ұрысып, тіпті залдан қуып жіберген.

-Өйтіп ренжеуіңіз орынсыз көке! Ей айналайын көке, ата сақалың аузыңа жетті ғой! Жасың мыңға кеп не айтып тұрсың ана жерде келіп ап?Менің де бір кісідей ашуым бар, ағайын! Ешкім еріккеннен жүрген жоқ. «Еріккен сарт енегін уқалайды» деген! Ұнамай ма? Шығып кетіңіз бар! Сізге ешкім жалынып жатқан жоқ!

Бұдан соң кешін жалғастырған әншінің бұл қылығын жақтырғандар да, жақтырмағандар да табылды. Бірі «Ұлы дала баласынан» мұндайды күтпедік деп сүйікті әншісіне ренішін білдерсе, енді бірі бұл жастықпен жасалған орынсыз іс деп жұртты сабырға шақырумен болды. Ал бұл жағдай болған күні өзін нашар сезінген Төреғали көпшіліктен кешірім сұрады.

- Жаным-ай кешіріңіздерші. Үлкен кісіге олай деп сөйлегім келген жоқ. Он үште болса, баланың даналығы болады. Алпыста болса да шалдың шалалығы болады ғой. Сондықтан мен ол кісіні көрсем мінддеті түрде  кешірім сұарймын, ол кісі де менен кешірім сұрайды деп ойлаймын.

Ал ағалық-әпкелік ниетімен жұртты сабырға шақырғандардың арасында Мақпал Жүнісова мен әнші Бүркіттің барын айта кетейік. Ал белгілі журналист Несіп Жүнісбаевтың айтуынша, бұл алдымен ер азаматқа, кейін халық алдында жүрген әншіге тән емес дүние.

- «Сахнада тұрып,өзін құрметтеп,қалап келген жандарға дауыс көтеріп,"Шық! Кет!" дегенге баруы әнші ретінде де,азамат ретінде де жер бауырлауы деп есептеймін. Мына бір видеоларынан көрдік, сахнадағы Төреғалиды өмірдегі тойған қозыдай монтиып жүретін сүйкімді жігітке ұқсата алмадым. Ес-ақылы өзінде емес әйтеуір. Киімінің белбеуі салақтап, халық отырған залға саусағын шошайтып, зіркілдей сөйлеуі сыртта отырған маған ауыр тиді.

Әншіге өкпелеп қалған шенеуніктер өнерпазды енді өңірге жолатпаймыз деп отыр.

Ардақ Райымбеков, Павлодар облысы мәдиниет басқармасының басшысы:

-Біріншіден бұл болған жайт бейресми түрде болды. Яғни, Төреғали Төреәлі ол жеке концертімен келген болатын. Өзінің ұйымдастырушылары да өзінің әкімшіліктері тараптарынан ұйымдастырылған болатын. Ал біз алдағы уақытта төреғали Төрәліні жалпы облыстық, қалалық мәдени, ресми шақырмаймыз деген шешім қабылдадық.

-Ал желі қолданушылары қарияға өзін ренжітіп, мәдениетсіздік танытқан Төреғалидан моральдық шығын өтеп алуға кеңес беруде. Ал біресе тілшілермен, біресе әріптестерімен сөзге келіп, басы даудан арылмайтын әншінің әкімшілері телефондарын сөндіріп тастаған. Қалай дегенмен, бұл оқиғаның «Ұлы дала баласымен» қоса, сахнада жүрген өзге жұлдыздарға да сабақ болары сөзсіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде