{metadescription}
Көрермен көзінше биіктен құлап, аман қалған астаналық гимнастшы қыз циркке  қайта оралмақ
Көрермен көзінше биіктен құлап, аман қалған астаналық гимнастшы қыз циркке  қайта оралмақ

Көрермен көзінше биіктен құлап, аман қалған астаналық гимнастшы қыз циркке қайта оралмақ

Дәрігерлер әртістің бірнеше сүйегі сынған және миы шайқалған деген диагноз қойған. Бірақ, ақ халаттылар Дария Әбдуахасованың жақын күндері жұмысына қайта кірісуіне болады  деп отыр.

28 жастағы гимнастшы жаңа жылдық қойылым кезінде үш метрлік  биіктіктен құлап, жарақат алған. Әуеде өнер көрсететін әртіс жоғарыға көтерілген кезде қолындағы торға оралып, сыртқа шығып кетіпті. Көрермендер ұялы телефонға түсірген видеода жерде жатқан Дарияға әріптестері жан-жақтан көмек көрсетіп жатқаны көрінеді. 11 жылдық тәжірибесі бар әртістің бұл сахнада бірінші рет оқыс оқиғаға тап болуы екен. 

Ерік Жолжақсынов, Астана циркінің бас директоры:

-Жамбасының кішкене жарақаты бар, одан кейін қабырғасында. Бүгін өзіміз барып көрдік. Жағдайы жақсы. Он күнде шығаратын болды. Осында  істегеніне, тіпті 11 жыл. Голландиядан гран при алып келген. «Азия жаңғырығының» алтын жүлдегері. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде