{metadescription}
Алматыда жаңа жылдық отшашулар ешбір рұқсатсыз емін-еркін сатылып жатыр
Алматыда жаңа жылдық отшашулар ешбір рұқсатсыз емін-еркін сатылып жатыр

Алматыда жаңа жылдық отшашулар ешбір рұқсатсыз емін-еркін сатылып жатыр

Ал бұл оқылықтарды қадағалайтын орган дәрменсіз болып шықты.Себебі жылдағыдай жүргізілетін тексерістің күнін де, сағатын да сатушылар алдын ала біледі екен.

Жаңа жыл қарсаңында отшашатын түрлі фейрверктер сатып, қомақты қаржыға кенелгісі келетін саудагерлердің қатары биыл да қалың. Тауарларын жайып тастап, саудаларын дөңгелетіп отыр. Бірақ, өрт қауіпсіздігі мен арнайы рұқсат туралы сатушы да, алушы да бас қатырмайды. Тіпті, қауіпті, әрі заңсыз екендігің өздері де растауда.

Ал осы заңсыз пиротехника саудасын қадағалайтын тиісті орган сатушыларға дәрменсіз болып шықты. Себебі тексеріс болатыны жайлы, әлде біреулер сатушылшарға алдың алай хабарлайды екен.  Шыңында да, осыдан екі күн бұрын өткізілген арнайы рейдте Төтенше жағдай қызметі мен тәртіп сақшылары заңсыз тауарды тәркелемек түгілі, құжаттарын да сұрай алмады. Себебі барлық сатушылар заңсыз тауарларың жасырып үлгерген. Тексеріс алдында оларға алдын ала хабар берілетіні жайлы жауаптылардың өздері бейхабар екен.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі: 

-Сатушылар алдың ала рейд жүргізетінімізді қайдан білетіндерін білмейміз. Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Өйткені біз алдын ала базарға келмейміз, еш кімге тексеріс жайлы хабарламаймыз. Өзіміздін бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейміз.  

Жыл сайын осы отшашу салдарынан зардап шеккендердің саны көбеймесе азаймай тұр. Алдынғы жылғы мәлімет бойынша 37 адам дәл осы перотехникадан зардап шеккен еді. 

-Осылайша елімізде  заңсыз тауарлардың ашық түрінде сатылуына кімдер кінәлі екені бейбәлім. Бұл жауапты органның дәрменсіздігі ме, әлде өз істеріне салғырт қарағанның нәтижесі ме ол жағы да белгісіз. Қалай болғанда мынандай қауіпті пиротехника қала базарларында емін-еркін сатылуда. Бұны үлкендерден бөлек, балалар да оңай сатып алатындығын ескерсек, құзырлы орындарға айтылар сынның азаймасы анық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде