Қазақстанда полиэтелен пакеттер жойылуы мүмкін
Қоқыс полигондарында шірімей жататын мұндай целофандардан кезең-кезеңмен бас тартуды жоспарлап отыр. Алдымен, дүкендерде оның қазіргідей тегін берілуіне заңмен тыйым салынбақ. Кейін елімізде тіпті, оның өндірісі тоқтауы мүмкін.
Автор: Досжан Маратұлы
25.12.2017
Полиэтеленді пакеттер супермаркет пен дүкендердегі нөмірі бірінші зат. Мыңдаған тұтынушы сатып алған тауарын осы целофанға салып әкетеді. Бірақ, үйге жеткен бойда, тегін берілген дорбаны көбі кәдеге жаратпайды.
Ал, оның қоршаған ортаға тигізер залалын бірі білсе бірі білмейді.
Айнұр Сұлтанқұлова, Астана әкімдігі басқармасының маманы:
-Полиэтелен пакеттер шірімейді. Қоқыста 100 жылдан 500 жылға дейін бүлінбей жата береді. Әрі ауаға фуран мен диаксин секілді зиянды заттарды бөледі. Түрлі онкологиялық аурулардың бас көтеруіне себеп болады.
Дорбалар ұзақ жылдар бойы ыдырамаған соң, қоқыс палигондары осындай пакеттерге толып қалған. Енді әкімдік Энергетика министрлігімен бірігіп, полиэтеленнен бас тартудың жолдарын іздеп жатыр. Әзірге супермаркеттерге шірімейтін пакеттерден бас тартып, экологиялық таза арнайы дорбаларды қолдануға шақыруда. Бірақ, мұндай бастаманы тек бірнеше дүкен ғана қолдаған.
АСЫЛБЕК МАХУМДОЛДА, СУПЕРМАРКЕТ ДИРЕКТОРЫ:
-Қазір ұсынып отырған эко, биопакеттердің екі айдан екі жылға дейін. Қағаз пакеттеріміз бір айдан екі айға дейін ыдырайды. Немесе көп қолданатын экосөмкелер ұсынамыз біз.
-Ал, Бұл осы екі жылда шіріп кететін биопакеттер. Бірақ, ол тіген берілмейді. Құны 40 теңге. Сондықтан тұтынушылар осындай биалогиялық таза пакет алғанның орнына кәдімгі тегін целлофан алғанды жөн көреді.
Бірақ, әкімдіктің айтуынша жаңа жылдан бастап жаңа заң қабылданады екен. Яғни, қаңтардан бастап дүкендерде енді полиэтелен қазіргідей тегін берілмейді. Сондықтан тұтынушылар зиянды пакет сатып алғанша экологиялық тазасын алады деген үміт бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!