{metadescription}
Алматы облысында өз әкесі қасақана өртеп жіберген қыз жер қойнына тапсырылды
Алматы облысында өз әкесі қасақана өртеп жіберген қыз жер қойнына тапсырылды

Алматы облысында өз әкесі қасақана өртеп жіберген қыз жер қойнына тапсырылды

18 жастағы бойжеткен қайғылы оқиғадан 3 күн өткенде көз жұмған.

Марқұм Аружан Қанат 1 курста оқыпты. Алапат жалыннан оның денесінің 90 пайызы тыныс алу жолдарымен қоса күйіп қалған. Өткен сәрсенбіде 44 жастағы ер адам бұрынғы әйелі мен 2 баласы тұрып жатқан жатақханаға барып, ел естімеген әрекетке барған еді. Ол үстіне бензин құйып, өзімен бірге ұл-қызын да отқа орады. Сөйтіп, қатыгез әке 12 жастағы жасөспірім баласымен қоса тірідей жанып кетті. Ал қызы аурухананың жан сақтау бөліміне түскен еді. Бірақ, сол күйі беті бері қарамады. Осылайша, қара жамылған анасының соңғы үміті сөніп отыр.
Сұлтан Жаңбырбаев, Іле аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары:

- Емдік әрекеттерге қарамастан, науқастың жағдайы полиоргандық жетіспеушілікпен жүріп, науқас 23-інші желтоқсан күні дүниеден озды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде