{metadescription}
Алматыда букмекерлік кеңсені тонағандарға іздеу жарияланды
Алматыда букмекерлік кеңсені тонағандарға іздеу жарияланды

Алматыда букмекерлік кеңсені тонағандарға іздеу жарияланды

Ойыншық тапаншамен ұрлыққа шыққан. Алматыда маска киіп, букмекерлік кеңсе тонағандар іздестірілуде. Өтірік қару кезеніп, таңғы уақытта тап берген жігіттерге іштегі күзет ешқандай қарсылық жасай алмаған. Олардың іс-әрекетінің бәрі бақылау камерасына жазылған.

Таңғы төрт жарым. Шаһар шырт ұйқыда жатыр. «Гай фокстың» маскасындағы жігіттер букмекерлік кеңсеге тұтқиылдан тап берді. Тәтті ұйқыға кеткен күзетші,«шақырылмаған қонақтардың» соққысынан оянды. Абыр-сабырда кассадағы қызметкер де не болғанын түсіне алмай дал. Санаулы минуттардың ішінде ұрылар 700 мың теңгені қолды қылып кетті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Тиісті мамандығы жоқ адамдарды алады. Күзетшінің түнімен ұйықтап шығуы бұл не деген сұмдық. Сондықтан «өз обалдары өздеріне» демекші, қауіпсіздік шараларын танытпаса осындай дерттерге шалдығады.

Төле би көшесінің бойындағы бұл букмекерлік кеңсе дәл жолдың жиегінде орналасқан.  Күдіктілердің қолында ағаш шоқпар пен ойыншық тапанша болған екен. Қауіпсіздік шарасындағы салғырттық осындай оқиғаға әкелді. Сақтық туралы кеңсенің қызметкерлері сөйлеуден түбегейлі бас тартты.

Дәл осындай жағдай өткен айдың аяғы Ақтөбеде болған еді. Сценарий ұқсас. Таңғы уақытта тұмшаланған жігіттер тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бәс тігетін жерге бастарын қатерге тігіп ұрлыққа баратындардың бар ойы оңай олжаға кенелу.

-Құзырлы органдар күдіктілердің аты-жөнін анықтаған. Қазіргі уақытта іздеу шараларына кірісіп те кетті. Оларға ҚК 191 бабы, яғни тонау бойынша айып тағылып отыр. Осылайша, 700 мың теңгені үптеп кеткендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде