{metadescription}
Ермегияевқа түрмеде арақ ішуге рұқсат еткен шенділер қамауға алынды
Ермегияевқа түрмеде арақ ішуге рұқсат еткен шенділер қамауға алынды

Ермегияевқа түрмеде арақ ішуге рұқсат еткен шенділер қамауға алынды

Астана түрмесінде жатқан Талғат Ермегияевқа жұмсақтықпен қараған колония басшылары қамауға алынды. «Экспо-2017» Ұлттық компаниясының экс-төрағасына қолайлы жағдай жасап басы бәлеге қалғандардың өздері енді біраз жыл бостандық көрмеуі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро:

-Жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушы Ермегияевқа қолайлы жағдай жасағына үшін ЕЦ 166/10 түзету мекемесінің басшысы полковник Нұрлан Әбенді және оның орынбасары  майор Талғат Мұсаевты қамауға алды. Аты аталған лауазымды тұлғалар Ермегияевка камера ішінде интернетпен қолданып, алкагольді ішімдік ішуге рұқсат беріп келген.

Сондай-ақ атышулы экс-төраға түрмеде смартфон ұстап, арақ ішіп қана қоймай, жақындарымен қалаған уақытында кездескен екен. Қапастағы мұндай былық өткен аптада белгілі болған еді. Қазір осы іспен Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро айналысып жатыр. Ал, түрмеде  қонақ үйде тұрғандай өмір сүрген Талғат Ермегияевтың өзі былтыр маусым айында 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Лауазымды топ-менеджер «Экспо» халықаралық көрмесіне бюджеттен бөлінген миллиардтарды жымқырған  болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде