{metadescription}
Ақтөбеде газ құюға қатысты жаңа талап үлкен дау туғызды
Ақтөбеде газ құюға қатысты жаңа талап үлкен дау туғызды

Ақтөбеде газ құюға қатысты жаңа талап үлкен дау туғызды

Ақтөбеде газ құю бекеттері де жүргізушілердің құжаттарын тексеруге кірісті. Өйткені бұдан былай көлігіне газ қондырғысын орнатуға арнайы рұқсаты барларға ғана көгілдір отын құйылмақ. Осылайша, өңірге қажет жанармай мөлшері есептеліп, тапшылық болмауы тиіс. Ал жүргізушілер мұны заңға қайшы деп отыр. Өйткені жүргізушінің құжатын тек жол сақшысы ғана тексере алатындығын алға тартады.

Қазір автогаз құятын бекеттегі қызметкерлердің беделі артқан. Қолында газ қондырғысын көлігіне орнатуға рұқсаты жоқтар соларды айналшықтап шықпай жүр. Ебін тауып көлігіне көгілдір отын құйып аламын деген ниетпен.

Құжаты жоқтарды бекеттерге жолатпауды газ тасымалдаушылар қауымдастығы ойлап тауыпты. Олардың пікірінше, осылай аймақтағы тапшылықтың алдын алмақшы. Өйткені Ақтөбе облысындағы үш жүз мыңға жуық көліктің небары қырық мыңы ғана газ қондырғысын орнатуға рұқсат алған. Егер жүргізушілер жаппай құжаттарын реттесе өңірге айына қанша тонна газ керектігін болжар едік дегенді айтады.

Алтынай Мұқанова, газ тасымалдаушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары:

-Біз көлігі газбен жүретін жүргізушілерге көмектескіміз келіп отыр. Тыйым салу арқылы қанша көліктің көгілдір отынмен жүретінін білеміз. Сөйтіп, энергетика министрлігінен айына бөлетін газды да артығымен сұраймыз. Одан жүргізушілер де ұтылмайды.

Қауымдастықтың жаңа талабына қатысты жүргізушілердің пікірі екіге жарылған. Құжаты барлары қолдап, өзгелері қарсы болып отыр. Соңғылары бұл тыйымның заңға топмақ келетінін айтады. Себебі, көлікке қатысты құжатты жанармай бекетіндегі кассир тұрмақ, жол сақшысының өзі себепсіз тексере алмайтынын айтады.

 Ақтөбелік жүргізушілер соңғы бір айдан бері автогаздан тарығып келеді. Әр он күн сайын қолма қол ақшаға алатын көгілдір отын таба алмай жанармай бекеттерін жағалаумен жүрді. Мұны бағаны көтеру үшін әдейі жасап отыр деген күдік те болды. Әйтеуір соңғы күндері ғана жағдай түзелгендей. Онда да құжатқа қатысты шектеу бар. 

-Осыдан тура бір апта бұрын газ тапшылығына қатысты арнайы комиссия тексеруге кіріскен еді. Бірақ сол уақыттан бері бірде бір шешім шығармады. Енді оларға тағы бір жұмыс қосылғандай. Себебі құжаттсыз газ сатпаудың қаншалықты заңсыз немесе заңды екендігін анықтаулары қажет. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде