Қазақ-қырғыз шекарасындағы кезекті былық Мәжілісте көтерілді
Қырғыздар шекарадан заңсыз мал айдап өтуін қоймай отыр. Ал контрабандаға жол беру - біздің шекарашылардың осалдығы деді бүгін депутаттар. Мәжілісмен Роман Ким жауаптылардан шекараны май шелпекке айналдырған көршілерімізді шұғыл тиюды талап етті.
Автор: Жәудір Оразхан
25.12.2017
Роман Ким, Мәжіліс депутаты:
-Сұрағым шекарашыларға. Олар шекарадағы әр бағананы жатқа білеміз дейді. Егер бәрі жақсы болса, онда қазақ-қырғыз шекарасы неге тоз-тоз болып жатыр. Мен тыйылмай отырған мал контрабандасын айтып отырмын.
Қырғыздар шекарадан малды екі жолмен алып өтеді екен. Біріншісі - қажетті құжаттарды түгендеп, бекет арқылы кірсе, көп жағдайда төрт түлікті еш тексерусіз ұрлықы жолмен кіргізіп жатыр. Бұл өте қауіпті. Егер көршілеріміз бұл әдетін қоймаса, біздің өрістегі малға түрлі ауру жұқтырып, ет экспортына зиянын тигізуі мүмкін деп қауіптеніп отыр мәжілісмендер. Шекара қызметінің бастығы қырғыздардың заңсыз жолды көбірек таңдайтындарын мойындап отыр. Дархан Ділманов, контрабандамен күресетін техника да, маман да жеткілікті дегенімен, әзірге одан нәтиже шамалы.
Дархан Ділманов, ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры:
-Қырғызстанмен шекарада қазір тек шекарашылар тұр. Көршілеріміз Еуразиялық экономикалық одаққа кірген соң, олар өткізу бекеті арқылы тасымалдайтын мал контрабандаға жатпайды. Жалпы мәселенің бар екенін білеміз, күресіп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!