{metadescription}
Әбдірахманов Қытайдағы қазақтардың жағдайын өз бақылауына алды
Әбдірахманов Қытайдағы қазақтардың жағдайын өз бақылауына алды

Әбдірахманов Қытайдағы қазақтардың жағдайын өз бақылауына алды

Шыңжаң автономиялық ауданындағы қазақтардың мәселесін Қытай тарапы біздің дипломаттармен бірлесіп шешуге келісті. Мәжіліске есеп беруге келген еліміздің Сыртқы істер министрінен депутаттар бүгін шеттегі қандастарымыздың жағдайын сұраған. Қайрат Әбдірахманов бұған қатысты келіссөздердің басталғанын айтты.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-19-желтоқсанда біз ҚХР-ның Бейжің қаласында Сыртқы істер министрліктері арасында қауіпсіздік мәселеларі бойынша келіссөз жүргіздік министрлердің орынбасарлары деңгейінде. Мысал келтірейін, сол келіссөз кезінде біз өз тарапымыздан ҚР мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы арасында мәдени салада  ынтымақтастықты нығайту туралы жоспарын әзірлеруді көтердік.

Әбдірахманов жақында екі жақ нақты іс-шараларға кіріседі деді. Өйткені, жаздан бері Шыңжаң автономиялық ауданында тұратын қазақтардың  құқығы тапталып, қысым көруде деген әңгіме халық арасында басылмай тұр.  Олардың діни наным-сеніміне, шетелге шығуға шектеу қойылған, тіпті, жергілікті билік оралмандық алу үшін рәсмдеген құжаттарын қайтаруды талап етуде деген ақпарат тараған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде