Жээнбеков Назарбаевты ағам деп мақтады
Бүгін Қазақстанған ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Назарбаевты ағам деп атады. Бұған дейін Үкімет басшысы келіп тындыра алмай кеткен шекарадағы түйткілді мәселелерді жаңа сайланған президент өзі келіп келістіргісі келсе керек. Жиенбеков қырғызға қазақтан жақын көрші жоқ деп, екі ел қарым-қатынасының жаңа парағын бастайық деп кішілік танытты.
Автор: Азамат Алдоңғаров
25.12.2017
- Сайлаудағы жеңісінен тура отыз күн өткенде, Сауранбай Жиенбеков бүгін артынып-тартынып Астанаға жетті. Бұл сапарды ресми Астанада күтті, Бішкек те президенттер араласпай шекарадағы ши түбегейлі шешілмейтінін білді, бірақ соңын бақты.
Бір ай бұрын Қырғызстан Премьері үлкен делегациямен Астанаға келіп екі ел шебіндегі күрделі жағдайды шешуге тырысқан. Бүгінгі президенттік сапардың да күнтәртібі шекараға арналды. Қос басшының да келісімге ниет еткені алғаш қол алысуларынан білінді. Елдердің әнұрандарын президенттер бөліп жармай, қолды жүрек тұсына қойып құрметпен тыңдады. Одан кейін екі жақты, кеңейтілген келіссөздер жүрді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бастаған жолыңыз ақ болсын, құтты болсын. Екі еліміздің достығы мен болашағына жұмыс істейтін болсын. Біз күттік сіздерді. Қуанышпен қарсы алып отырмыз. Қырғыз делегациясының сіз бастап келген барлық қойған мәселелерін шешуге Қазақстан әр уақытта дайын. Осы 26 жыл тәуелсіздік жағдайында өмір сүріп келе жатырымыз. Мен өз басым Қазақстан бір де бір рет Қырғызстанға сөз тигізіп, басқа жағынан жаманшылық жасауға бір қадам жасаған жоқ. Ол дұрыс. Себебі біз келеміз, кетеміз. Екі ел көрші қалады. Бізден бұрын да болған.
Үш сағаттан артық жүрген келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Қырғызстан екі маңызды келісімге келді. Біріншісі ширек ғасырдан бері шешілмей келген шекара мәселесі. Қос басшы демаркациялық сызықты бекітіп, бұдан былай жер үшін сөзге келместей келісім жасады. Екіншісі екіарадағы сауда-саттықты қиындатқан шекаралық тәртіп. Енді арамызда жаңа тәртіп бар. Тәртіп жаңа болғанымен, талап ескі. Қырғыз кәсіпкерлері халықаралық, өңіраралық фито-санитарлық талаптарды орындауы тиіс. Оған президент Жиенбековтың өзі кепіл.
Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті:
-Маған президент болып сайланғанда жылу, құттықтау жөнелттіңіз жақсы ниетпен. Сіз біздің ақсақал, ағамызсыз. Қазақстанға шақырып, мәселелерді шешуге ниет білдіріп. 25 жыл болып тұр біздің дипломатиялық қатынас құрғаннан.. Сіз тура айттыңыз, қазақ пен қырғыздай бір туған ел жоқ шығар дүние жоқ болса кеерк. Біздің ішкен су, жайылымымыз, базарымыз, мазарымыз да бір.
Су демекші, екі ел теріскейде жиі туындайтын гидро-энергетика мәселесі бойынша да келісім жасасты. Жақын уақытта елдер арасында іскерлік кеңесі құрылуы тиіс. Онда бауырластардың арасында туындаған экономикалық келіспеушіліктер алысқа кетпей, жедел шешіліп отыруы тиіс.
-Бүгінгі жылы жүздесуден кейін Қырғызстан басшысы Елбасын еліне қонаққа шақырды. Онда президент мемлекетаралық кеңес жұмысына қатысуы тиіс. Сауранбай Жиенбеков сондай-ақ әріптесін Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға шақырды. Оның ашылуы қыркүйекте, сондықтан ресми сапар да күзге жақын жоспарлануы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!