{metadescription}
Еліміздің бірнеше облысындағы жол қозғалысы әлі қиындап тұр
Еліміздің бірнеше облысындағы жол қозғалысы әлі қиындап тұр

Еліміздің бірнеше облысындағы жол қозғалысы әлі қиындап тұр

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты еліміздің 4 облысында жолдар жабылды. Қазір Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына қатынас толығымен тоқтаған. Тіпті Астанадан әрі  Ресейге шығатын тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Барлығына жолдардағы көктайғақ себеп. Ал Қарағанды облысында тіпті серіктес қала мен аудандарға баратын жолдардың өзі кешелі бері жабық тұр.

-Қазір Қарағандыда қар жауып күн сәл ғана салқындап тұр. Ал кеше түннен бері ауа температурасы 2 екі граусқа дейін жылыды.

Оның үстінен жауын жауып, Қарағанды көл көсір су мен жалтыраған мұзға айналды. Сондықтан қаладан шығатын жолдардың барлығы кеше -ақ жабылған. Салдарынан сапарын жалғай алмаған көліктер ұзын сонар кептелістерде қалды.

Сергей Михоля, жүргізуші: 

 -Міне кешеден бері тұрмыз қаңтарылып, жібермейді. Алдымен қар жауды да арты жауынға ұласып, жер мұзға айналды. Жолдарға топырақ немесе тұз себетін көлікті көрмедік. Қазақстанда құм мен тұз тапшы ма?  

Ал қаланың өзінде жалтыр мұздың үсті малмандай су боп, түннен бері 6 жол көлік оқиғасы тіркелді. 5 адам ауыр жарақат алған. Көктайғақта Қарағанды - Жәйрем бағытында жолаушылар автобусы аударылған. Дегенмен, көліктегі 43 жолаушы аман. Ал бүгін қалада көлік түгілі жаяу адамның жүрісі титықтады. Мұзда құлап жарақат алғандар күрт өсіп, ауруханаға түскендер саны артты.

Боранқұл Махин, дәрігер-травматолог:

- Аяқ қолдарын сындырып келіп түсіп жатқандардың саны өткен аптамен салыстырғанда 1 жарым есеге артты. Казірдің өзінде де түсіп жатқандар толастамай тұр. Бұдан да көп болады деген болжам бар. Өйткені мына еріген су түнге қарай қататын болса, жағдай нашарлайды.

Бүгін таңертеңгілік, егде тартқан әйел ауруханаға да жете алмады. Куәгерлердің айтуынша ол мұзда тайып құлаған. Салдарынан ол сол жерде жан тапсырыпты. Көктайғақ Сәтбаев пен Жезқазған арасын да басқан. Салдарынан қозғалыс тоқтап, кеншілер екі қала ортасындағы жолды жаяу жүріп үйлеріне әрең жеткен.

-Ал Павлодарда да тура осындай жағдай орын алып,өңірдегі барлық мектептерде сабақ тоқтатылды. Синоптиктер алдағы күндері де осындай күн райы сақталып, тіпті боран болады деп отыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде