Ақтөбенің басты шыршасы құлап қалды.
Тұңғыш президент атындағы саябақтағы жаңа жыл сиволы қатты дауылға шыдамаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
26.12.2017
Осыдан бір апта бұрын сән-салтанатымен шамын жаққан шыршаның орнын қазір тып-типыл тазартып қойған. Ал темір құрсауларын саябақтың бір бұрышына үйіп тастапты. Енді оны әкімдіктегілер қайта дәнекерлетеміз деп отыр. Бірақ екінші қайтара орнатқанда дауылдан қайта құламасына еш кепілдік бермейтіндіктерін айтады. Ең бастысы қазынаға келген шығын жоқ деп ақталады. Себебі, Ақтөбенің бас шыршасының жаңартылмағанына он жыл болыпты. Дегенмен қала басшылығы ақтөбеліктер жаңа жыл түні бас шыршасыз қалмайды деп сендірді.
Хасен Юсупов, Ақтөбе қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Енді жаңа жылға қарсы бір-екі-үш күндікте қайта орнатып қалпына келтіреміз деген ойдамыз. Енді оған кепілдік бергенде кепілдік береміз енді. Қарап жүреміз ғой. Бақылауға алдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!