Қарағандыда шыршалар фестивалі өтіп жатыр
Қарағандыда шыршалар фестивалі басталды. Оған қаладағы 20-дан аса қызмет көрсетуші мекемелер мен оқу орындары өз шыршаларын орталық алаңға әкеп орнатты.
Автор: Саят Сабдалы
27.12.2017
Бір қызығы әр мекеме шыршалары арқылы айналысатын ісінен хабар беруге тырысқан. Мәселен, шахтерлер шыршаны көмірден жасаса, энергетиктер оны электр бағандарынан құраған. Қоқыс жинаушылар пластик бөтелкелерден, ал студенттер сынақ кітапшаларынан шырша тұрғызыпты. Бір сөзбен айтқанда креативті шыршаларына қарап, иесін анықтауға болады. Енді бұл туындаларды әділ қазалар алқасы бағалап, мереке алдында жеңімпазды анықтайды. Ал орнатылған шыршалар қалаға тарту ретінде алаңда қыс бойы тұрады.
Жанат Қомытов, дизайнер:
-Барлық элементтері біртұтас боп, аяқталған композиция құрап тұруы керек. Сонымен қатар жеткізгілері келген ойы да сайрап тұрулары қажет. Қойылған шыршалардың барлығы керемет. Таңдау жасау оңай болмайын деп тұр. Негізі өте жақсы бастама.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!