{metadescription}
0:000:00
Бала психикасын бұзатын ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады

Бала психикасын бұзатын ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады

Бала тәрбиесіне кері әсер ететін, психикасын бұзатын ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады. Мәжіліс «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардап тигiзетiн ақпараттан қорғау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сай, кез-келген арна немесе басылым жариялаған материалда кішкентайлардың жасына қарай шектеу болады. Сондай-ақ, депутаттар бүлдіршіндер мен жасөспірімді суицид жасауға үгіттегендерге қатысты да қылмыстық іс қозғауды ұсынды. 

Егер жаңа заң жобасы қабылданса, кез-келген телеарна дайын бағдарламаны эфирге шығармас бұрын балалардың жасына қарай таңбамен белгілеуі тиіс. Мәселен,  6+, 12+, 16+, 18+ деп. Түнгі сағат 10-ға дейін қатыгездік, зорлық-зомбылықты және  суицидті үгіттейтін ақпаратты тартуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрімізге қарсы дүниелерді де насихаттағандар жауапқа тартылады. Мұның бәрі балалрды залалды ақпараттан қорғау үшін жасалған шаралар дейді депутаттар.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

-Заң жобасы бойынша қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа құрылған, балалардың өмiрiне қатер төндiретiн iс-әрекетке, сондай-ақ, суицидке итермелейтiн, порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық сипаттар мен көрiнiстердi қамтитын ақпараттық өнiмдерге тыйым салу қарастырылып отыр. Әсiресе, бiздiң елде суицид мәселесiн қатты ойлану керек. Мұнымен бiрге, отбасы институтын жоққа шығаратын және ұлттық дәстүрлерге қарсы үгiттейтiн ақпараттар да балаларға зиянды деп танылған.

Бекболат Тілеухан атаған  ақапраттарды бала теледидар көретін уақытта жариялаған арна заңмен жазаланады. Тіпті қылмыстық іс қозғалып, жұмыстары тоқтатылулары мүмкін. Бұл тәртіп елімізде хабар тарататын  шетелдік арналарға да қатысты.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

- Бізде көрсете ме біздегі ұлттық заңды сыйлауға міндетті. 298 сырттан келетін канал бар. Вице-министр айтып жатыр, барлығына әміріміз жүре қоймас. Бірақ 161-і бізде тіркелген ғой. Оларға нақты талап қоюымыз керек. 

Жаңа тәртіп газет, журнал, интернет, әлеуметтІк желі арқылы ақпарат таратындарға да қатысты. Басылымдарға да шектеу бар. Тіпті мектептердегі тәлім-тәрбие де жіті бақылауда болады.

Ал суицидке келсек, қазіргі заң бойынша азаматты өз өзіне қол жұмсауға итермелегендер ғана жауапқа тартылады. Енді депутаттар суицидті насихаттап, адамды секіріп, асылып өлуге шақырғандарға да қатысты іс қозғауды ұсынды. Мұны Ішкі істер министрлігіндегілер де қолдап отыр.

Рашид Жақыпов,  ҚР ІІМ вице-министрі:

- Қазір бізде суицидті үгіттегендер ешқандай жауапқа тартылмайды. Сондықтан депутаттардың ұсыныс орынды. Тек сараптаманың әдістері мен нақты шараларды белгілеу керек. Биыл біз өлімді насихаттайтын 904 сайт анықталып, ел аумағында олардың жұмысына тыйым салдық.

Ал баланың миын улайтын мәліметтер көбіне шетелдік сайттарда, түрлі электронды ойныдарда кездеседі екен. Сондықтан компьютерлік ойындарға да қатаң сараптама жүреді. Әзірге заң жобасы Мәжілісте. Төменгі палата екінші оқылымда тағы кем-кетігін түзеп, Сенатқа жібереді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.