{metadescription}
0:000:00
Шымкетте соққан күшті жел жаңа жылдық шыршаны қиратып тастады

Шымкетте соққан күшті жел жаңа жылдық шыршаны қиратып тастады

Күшті жел Шымкентті де жайратып кетті. Күнгейдің орталығында қойылғанына апта да болмаған жаңажылдық шыршалар құлап, ойыншықтары шашылып қалды. Облыс әкімдігінің алдында Шәмші аллеясы мен Әл Фараби алаңында қойылған қылқан жапырақтылар да қирап түсті.

Бюджет есебінен қойылған шыршалар бірден жиналса, сауда орталығының алдындағы алып ағаш әлі жатыр. Күшті жел тіпті облыстық төтенше жағдайлар департаментін де шатырсыз қалдырды. Өрт сөндіру қызметі мен апатты жұмыстар басқармасын жауып тұрған 396 шаршы метрлік шатырдың жартысынан көбін ұшырып кеткен. Одан өзге секундына 21 метрге дейін ұйытқыған жел бірнеше электр бағаналарын құлатып, жұртты жарықсыз қалдырды. Төлеби және Түлкібас аудандарында қар құрсауында қалып қойғандар да бар. Бірақ төтеншеліктер өздері шатырсыз қалса да, жұртты аман-есен құтқардық дейді.

СНХ: Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД баспасөз хатшысы;

-Қар құрсауында қалған адамдарды Шымкент қаласына осы бағытпен жүретін автокөліктерге зардап шеккен қар құрсауында қалған азаматтарды көліктерге отырғызып, эвакуация жұмыстары жүргізілді. Ал, енді осы ОҚО тарапынан Түлкібас ауданындағы жолдар таза, қардан таза. Қар жамылғысы 1-2 см құрайды. Бірақ барлық автокөліктер түрлеріне жол жүруге уақытша шектеу қойылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде