Дүлей дауыл Жамбыл жұртын есеңгіретіп тастады
Дүлей дауыл Жамбылдықтарды есеңгіретіп тастады. Секундына 25 метрге дейін соққан күшті желден аймақта 10 мың баспана жарықсыз қалса, бұрқасын жел мен көктайғақтың кесірінен 100-ден аса көлік жолда тұрып қалған. Қазір Алматы –Ташкент тас жолы жабық.
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.12.2017
Ия, кешегі жел тұрғындарды әбден титықтатты. Әсіресе жолдағы жағдай қиын. Көліктің барлық түрі таңғы екіден бері не ары, не бері өте алмай жолда тұр. Қазір жалпы саны 100-ге жуық машина Айша Бибі ауылы маңында тұр. Полицейлер бірде бір техниканы жолға шығармауда. Өйткені Жуалы ауданындағы Күйік, Шақпақ асуларында жол нашар.
Ербол Қожамұратов, ОҚО тұрғыны:
-Түнгі үште осы жерге келгенбіз. Жетісайға бара жатырмыз ғой. Қай жерді қар басқан дейді? Білмеймін. Асуда дейді ғой, қайсысы екенін білмедім. Ас ауқат артқа қарай дүкенге барып жатырмыз. Таңертең барып келдік.
Бұрқасын жел мен көктайғақтың кесірінен Күйік асуынан аса алмай, не кері қайта алмай жолда елуге жуық техника қалып қойған. Оның жетеуі ғана автобус, 28-і жүк машинасы болса, өзгесі жеңіл көліктер. Төтенше жағдай мамандары 50-ге жуық адамды қауіпсіз жерге алып шыққан. Мында сол құтқару жұмыстарының барысы көрсетіледі.
Қасен Қосыбаев, Жамбыл облыстық ТЖД бас маманы
-Күйік және шақпақ асуларындағы автокөлік жолдарының учаскесін барлау кезінде көліктердің жиналғаны байқалады. Барлығы 50-ге жуық көлік. Бүнігі күні ауа райыны дұрысталғанға дейін бақылауда ұсталады.
Екпінді желден электр сымдары үзіліп, аймақта 10 мың түтін жарықсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмістары жүруде. Сондай-ақ, теміржолдағы электр желілері де қиылып, 4 жолаушы пойызы тоқтап қалған. Бірақ арада үш сағат өткен соң, қайта жолға шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!