{metadescription}
Зейнетақы қоры  ұрланған миллиардттарды қайтаруға кірісті
Зейнетақы қоры  ұрланған миллиардттарды қайтаруға кірісті

Зейнетақы қоры ұрланған миллиардттарды қайтаруға кірісті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұстағанның қолында кеткен қазақстандық салымшылардың ақшасын елге қайтарып жатыр. Берешек көлемі 40 миллиард теңгеге жетіп қалған. Әзірге тек екі компанияның шетел асырған қаражатын қайтарылған.

Қадыржан Забих , «БЖЗҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

-Корпорациялық апк-инвест корпорациясы купондық сыйақы мен өсім бойынша 252,5 млн теңге көлеміндегі қарызын қайтарды. Ал Атамекен-агро АҚ ағымындағы берешек сомасы 287,5 млн теңге толық жойылды.

Ал, 12 жарым миллиард теңге берешегі бар «Қазақстан қағазы» компаниясының тағдыры Лондон сотында шешілуде. Себебі кәсіпорын өз еліміздікі болғанымен, оның акционерлері шетел компаниялары. Істің сыртта қаралып жатқаны да сондықтан. Әзірбайжан банкінде қалып қойған 71 миллиард теңгеміз тағы бар. Алайда бұл соманың қайтадан зейнетақы қорының есебіне оралатыны белгісіз. Мұнымен қоса еліміздегі күмәнді компанияларға инвестицияланған 10 млрд теңгенің де мәселесі шешілер емес. Енді осы компания басшылары мен акционерлерін қордағылар сотқа беріп, қылмыстық жауапкершілкке тартқызуды қарастыруда. Сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы төрағасының өзі де сот алдында жауап беріп жатқанын еске сала кетейік. Руслан Ерденаевқа 5 млрд теңгені талан-таражға салды деген айып тағылған. Дегенмен бұл келеңсіздіктерден салымшылардың жиған қаражаттары кемімейді деп сендірді қордың қазіргі басшылары.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.