Әлемдік мұнай бағасы 67 доллардан асты
Лондон мен Нью-Йорк биржаларындағы сауда-саттықта қара алтын баррелінің бағасы осылай біршама көтерілген.
Автор: Ербол Тұрымбет
27.12.2017
Лондон биржасында ақпан айында жеткізілетін «брент» маркалы мұнайдың бір баррелі 1,77 долларға дейін қымбаттап, 67,02 долларға жетті. Ал Нью-Йорк тауар биржасында «даблю ти ай» маркалы мұнай шамамен 60 доллар болды. Осыдан екі жарым жыл бұрынғы межесіне жеткен қара алтын құны өткен түнде қалыптасқан болатын. Кей сарапшылар мұны уақытша құбылыс деп бағалап отыр. Өйткені, ірі өндіруші елдердегі апаттық жағдайлар баға нарығына әсер етпей қоймайды екен. Сол сөз расқа айналған сияқты. Бүгін кешке қарай мұнай бағасы 65-66 доллар аралығында секіріп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!