Алматыға жауған қалың қар жол қозғалысын қиындатты
Алматы бір-ақ түнде ақ көрпеге оранды. Таңғы 4- те жапалақтап жауған қардың қалыңдығы қалада 10 см, ал таулы аймақтарда 15 см ге дейін жеткен.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.12.2017
Таңдағы тіршілік тазалық сақшылары үшін қарбаласпен басталды. Жауған қарды аршуға 604 техника мен екі мыңнан астам адам жұмылдырылды. Түске жақын күн жылынып, ақ қар қара балшыққа айналды. Көктайғақтың алдын алу үшін құм төселіп жатыр. Синоптиктердің болжауынша, қар ертең кешке дейін тоқтаусыз жаууы мүмкін.
Александр Сергеев, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
-Қазіргі уақытта екінші қайтара тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Көшедегі негізгі жұмыс аяқталып, аялдама, тротуарды қардан тазалауға кірісіп кеттік. Таңғы сегізге дейін көктайғаққа қарсы үш мың тоннаға жуық материал төгілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!