Күшті жел Шымкентті де жайратып кетті
Мұнда қолайсыз ауа райы салдарынан алты бірдей ықшамаудан жарықсыз қалған. Сондай-ақ, қойылғанына апта да болмаған жаңажылдық шыршалар құлап, ойыншықтары шашылды. Облыс әкімдігінің алдында Шәмші аллеясы мен Әл-Фараби алаңында қойылған қылқан жапырақтылар да қирап түсті.
Автор: Бек Әбиев
27.12.2017
Бюджет есебінен қойылған шыршалар бірден жиналса, сауда орталығының алдындағы алып ағаш әлі жатыр. Күшті жел тіпті облыстық төтенше жағдайлар департаментін де шатырсыз қалдырды. Өрт сөндіру қызметі мен апатты жұмыстар басқармасын жауып тұрған 396 шаршы метрлік шатырдың жартысынан көбін ұшырып кеткен. Одан өзге секундына 21 метрге дейін ұйытқыған жел бірнеше электр бағаналарын құлатып, жұртты жарықсыз қалдырды. Төлеби және Түлкібас аудандарында қар құрсауында қалып қойғандар да бар. Бірақ төтеншеліктер өздері шатырсыз қалса да, жұртты аман-есен құтқардық дейді.
Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
- Қар құрсауында қалған азаматтарды көліктерге отырғызып, эвакуация жұмыстары жүргізілді. Ал, енді осы ОҚО тарапынан Түлкібас ауданындағы жолдар таза, қардан таза. Қар жамылғысы 1-2 см құрайды. Бірақ барлық автокөліктер түрлеріне жол жүруге уақытша шектеу қойылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!