Жамбыл облысында көктайғақтың салдарынан 100-ден аса көлік жолда қалды
Дүлей дауыл жамбылдықтардың есін шығарды. Секундына 25 метрге дейін соққан күшті желден аймақта 10 мың баспана жарықсыз қалса, бірнеше нысанның шатырлары зақымдалған. Әрі сол бұрқасын жел мен көктайғақтың салдарынан 100-ден аса көлік жолда тұрып қалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.12.2017
Ербол Қожамұратов:
-Түнгі үште осы жерге келгенбіз. Жетісайға бара жатырмыз ғой. Ас ауқат артқа қарай дүкенге барып жатырмыз.
Түнгі екіден бері көліктің барлық түріне жолға шығуға шектеу қойылған. Сөйтіп Айша Бибі ауылы маңына 100-ден аса машина жиналып қалды. Ал тәртіп сақшылары қауіпсіздік үшін бірде бір көлікті күре жолға шығармай жатыр. Себебі Шақпақ, Күйік асуларында жол нашар. Сол Жуалы ауданы маңында да көктайғақ пен бұрқасын желдің кесірінен 50-ге жуық техника қалып қойған. Оның жетеуі автобус, 28-і жүк машинасы болса, өзгесі жеңіл көліктер. Төтенше жағдай қызметкерлері жалпы саны 50-ге жуық адамды қаупсіз жерге алып шыққан. Екпінді желдің кесірінен электр сымдары да үзіліп, аймақта 10 мың түтін жарықсыз қалған. Ақауды қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!