{metadescription}
Атырау облысында тұрғындар  баспананы  әділ бөлмеген  шенеуніктердің былығын әшкереледі
Атырау облысында тұрғындар  баспананы  әділ бөлмеген  шенеуніктердің былығын әшкереледі

Атырау облысында тұрғындар баспананы әділ бөлмеген шенеуніктердің былығын әшкереледі

Атырау облысында жергілікті әкімдік пен тұрғындар тегін салынған тұрғын үйді бөлісе алмай жатыр! Жұрттың айтуынша, басшылар әуелі Доссордағы құлағалы тұрған үйдегі жұрттан баспаналарының  апатты екенін дәлелдейтін құжаттарды тез арада жасақтап, әкімдікке тапсыруды сұраған. Жапатармағай қағаздарды  ретке келтірген тұрғындар су жаңа баспанадан пәтерлі болуды күтіп жүргенде, әкімдік бірінші кезекте жетімдер мен бюджет қызметкерлеріне берілетінін айтып, бұлардың көңілдерін су сепкендей басыпты. Ал тұрғындар дайын баспана биліктегілердің тамыр-танысына берілгелі отыр дейді. Тіпті,...

йбірінің пәтер кезегі келіп тұрса да, белгісіз себептермен артқа жылжытылған көрінеді.

Марина Кенжеғалиева салынғанына 100 жылға жуықтаған баспанасынан безіп, қазір әр жерде бас сауғалап жүр. Өйткені кезінде осындағы мұнай өндірушілерге арналып салынған жатақтың бүгінгі кейпі жаналғыш тәрізді. Іргетас мүлдем жойылып, қабырға да қақырай бастаған.

Қазір Доссор кентінде Марина Кенжеғалиева секілді апатты жатақ пен атқораларда тұрып жатқан 100-ге жуық отбасы бар. Барлығына да баспаналары тұруға мүлдем жарамсыз деген сарапшы қорытындысы да берілген. Бірақ әкімдік баспана бөлуге асығар емес. Тіпті жуықта пайдалануға берілгелі тұрған мына тұрғын үйден де пәтер бұйырмайтынға ұқсайды. Өйткені әкімдік әуелгіде береміз дегенімен, кейін  бұл ойынан айнып қалыпты.

-Апатты үйлерде тұрып жатқан доссорлықтардың дәмеленіп жүргендері осы үй. 60 пәтерлік баспана НСОС компаниясы бөлген 700  миллион теңгеден астам қаражатқа салынып, аудандық әкімдіктің балансына берілген. Айта кету керек, бұл Доссорда 22 жылдан бері бой көтеріп тұрған алғашқы тұрғын үй.

Бірақ мұны әкімдік апатты үй тұрғындарына емес, ауданға арнайы шақыртылған мемлекеттік қызметкерлер мен жетімдерге бөліп бермек екен. Дегенмен, жұрт мұны жоққа шығарып,  баспана жағдайын әбден жасап алғандарға беріліп жатыр дейді.

Серікбай Құбашев, Доссор кентінің тұрғыны:

- Берілмей қалды. Бәрі де өтірік болып шықты. Аджиптің салған үйі, үйі бар дұрыс адамдарға беріліп жатыр. Ешқандай әділдік жоқ!

Иманғали Есмұрат, Доссор кентінің тұрғыны:

-Мүгедекпін, кезегім үшінші тұрмын.  306-ға лақтырып тастады мені. Қара тізімге кіргізіп қойды.  Мен өлген адам емеспін ғой.

Ал әкімдіктегілер мұның бәрі доссорлықтардың дұрыс өмір сүруі үшін жасалып отыр дейді. Өйткені аудан халқына ауадай қажет саналатын дәрігер, полицейлер мен ұстаздарды және тұл жетімдерді қаңғытып қоя алмайды екен. Дегенмен, апатты үйлерге қатысты мәселе биыл болмағанымен, алдағы жылдары толықтай шешіледі деп отыр.

Ербол Ермағамбетов, Доссор кентінің әкімі:

-Доссор кентінен жаңа 60 пәтерліктен басқа тағы да бір 60 пәтерлік тұрғын үй жобасы жасақталып жатыр. Ол біздің жоспар бойынша алдымыздағы жылы салыну керек. Одан бөлек тағы екі 60 пәтерліктің құрылысыныа жоба 2019 жылы жасақталатын болады. Бірте-бірте тұрғын үй мәселесі шешіледі.

Бірақ әкімдіктегілердің әдемі әңгімесіне тойдық деген доссорлықтар дес бермейміз деп отыр. Енді олар пәтерлердің заңды бөлінуін қадағалауды талап етіп, құзырлы орындарға хат жолдамақ. Және пәтер бөлу үшін бөлінген әкімдіктегі комиссияның құрамына өздерін енгізуді талап етіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде