{metadescription}
Дариға Назарбаева әкімдерге бір-бір тікұшақ беру керек деп ұсыныс жасады
Дариға Назарбаева әкімдерге бір-бір тікұшақ беру керек деп ұсыныс жасады

Дариға Назарбаева әкімдерге бір-бір тікұшақ беру керек деп ұсыныс жасады

Әкімдердің бас-басына бір-бір тікұшақтан бұйыруы мүмкін. Сенат депутаты әрі халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бүгін осындай ұсыныс жасады.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

– Әрбір әкімнің астында да осындай бір-бір вертолет болуы керек. Өйткені, әсіресе ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген аймақтарда 500 шақырым жолды күн бойы машинамен жүрмей, тікұшақпен 1-2 сағатта көріп шығуға болады. Тікұшақ -  такси бизнесі пайдалы болып жатыр. Енді ол біздің экономикамыздың болашағы шығар деп ойлаймын.

Астанадағы еурокоптер тікұшақтарын құрастыратын зауыт француздың әйгілі Эйрбас компаниясының ТМД аумағындағы жалғыз кәсіпорны. Онда Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдай комитеті үшін үш түрлі тікұшақ жасалады. Зауыт сондай-ақ қалталы азаматтардың тапсырысы бойынша да жұмыс істейді. Енді сенатордың ұсынысы қолдау тапса, зауыт әкімдерге әуе көлігін жасауға дайын. Алайда оған ақшаның қай бюджеттен бөлінетіні белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде