{metadescription}
0:000:00
Петропавлда қаңғыбастар өздеріне тосын сый жасаған полицейлерге өлең оқып берді

Петропавлда қаңғыбастар өздеріне тосын сый жасаған полицейлерге өлең оқып берді

Кезбенің бір тойғаны байығаны! Петропавлда тәртіп сақшылары жаңа жыл қарсаңында  қаладағы тұрақты мекені жоқ жандарға  азық-түлік таратты. Оған қажетті қаржыны жергілікті ішкі істер департаментінің басшылығы  өз қалталарынан  шығарып беріпті. Мұндай сыйлықты күтпеген қаңғыбастар  соңғы кездері дәмін де ұмытқан тәттілер жеп, мәз-мейрам болып қалды.

Тәртіп сақшылары бүгін кешке тәтті тоқаш, шырын мен жемістер таратады екен деген сыбыс қаңғыбастар арасында құбырлар арқылы тез тараса керек. Әдетте түнеу үшін ғана  арнайы ашылған орталыққа 50-70 адам келетін. Осы жолы бас сұққан 150 жан тар жерге тіпті айналшықтап сыймай  қалды. Бірақ  құр қол қалған ешкім  жоқ .

Александр Лукьянский:

-Бізді  мүсіркеп жатқандарыңыз үшін  алғыс  білдіргім келеді. Осындай орталық  ашып беріп, жылы жерде ұстап отырсыздар. Бүгін мерекелік дастархан жайып, түсімізге де кірмеген тамақтарды жейміз.

Тағдыр тәлкегіне түссе де, тірі жан ғой деген болуы керек, ішкі істер департаменті басшылығы қаңғыбастарға  мереке қарсаңында тәтті-таралғы тарату керек деген шешім  қабылдапты. Бюджетте мұндай шығынға қаржы қарастырылмаған, сондықтан ақшаны олар өз қалталарынан шығарған.  

Қайрат Оразалин , СҚО ІІД бастығының орынбасары:

-Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтау  үшін осындай шараны әдейі ұйымдастырып отырмыз. Әрине,  адам қандай қиын жағдайға тап болса да,  тағдырдан жақсылық күтетіні рас қой. Алдағы жылы өмірлеріңіздің түбегейлі  өзгеруіне тілектеспіз.

Қаңғыбастардың  өмірлерінің алдағы жылы өзгеру-өзгермеуі неғайбыл. Есесіне олар осы жолы да әдеттерінен айнымай, бір бірінен ішімдік бар ма деп сұрап жатты. Сырттан қызып келгендері тіпті тәртіп сақшыларына арнап өлең де оқыды.

-Ночлежка – это свет в окне

Спасенье душ, сердец надежд

Пусть на заснеженной земле

Найдется место на ночь грешным…   

Бұл орталық осыдан екі жыл бұрын ашылған еді. Қаңғыбастар мұнда тек қонуға ғана келеді. Күндіз жуылып-шайылатын ғимаратта түні бойы мейірбике, от жағушы және тәртіп сақшылары кезекшілік атқарады екен. Жай күндері қаңғыбастарды «Қызыл жарты ай»  қоғамының мүшелері тамақтандырады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.