Ауғанстан астанасында тағы да жойқын жарылыс
Таңертең болған апат кесірінен 40 адам қаза тауып, 30-ға жуығы жараланған. Ланкестік әрекет бұл жолы Кабулдың батыс бөлігінде орын алды.
Автор: Аида Мағыпар
28.12.2017
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30-да шиіттердің әлеуметтік мәдени орталығында болған. Сол мезетте мекеме ішінде Кеңес әскерінің Ауғанстанға енгізілгенінің 38 жылдығын тойлап жатқан екен. Жергілікті ішкі істер министірлігінің хабарлауынша, жарылғыш құрылғыны мекеменің төменгі қабатына орнатып жарып жіберген. Алайда өздерін өлімге қиған жанкештілердің саны белгісіз. Бұл қырғын үшін жауапкершілікті «Исламдық мемлекет» мойына алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!