{metadescription}
Шымкентте алаяқтар мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасын май шелпек қылған
Шымкентте алаяқтар мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасын май шелпек қылған

Шымкентте алаяқтар мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасын май шелпек қылған

Аңғал жұртты осы бағдарламамен байытам деп алдағандар тұрғындардан бірнеше миллион жымқырыпты. Алайда бір мезетте ұсталған үш күдіктінің бір-бірімен байланысы жоқ.

40 жастағы бұл әйел еш жерде жұмыс істемейтін 35 әйелді сан соқтырған. 50 мың теңге берсең болды көп ұзамай мемлекет есебінен 500 мың қылып алып беремін деген уәдеге қарық қылып, миллионнан астам пайда тауыпты. Екінші ұсталғаны 29 жастағы азамат 25 адамнан миллионға жуық ақшаға кенелген. Бұл екеу екеу кінәларын мойындап, қамауға алынса, үшінші ұсталған 31 жастағы келіншек 3 жәйтке қатысты тергеліп жатыр. Айта кетсек, жағдайы төмен отбасыларға арналған «Өрлеу» бағдарламасы – өз кәсібін ашамын немесе білімін жетілдіремін дегендерге арнап қомақты қаржы беретін мемлекеттік жоба. Полицейлер осы бағдарлама арқылы ақша алып беремін дегендер кездессе тұрғындардың тергеу органдарына хабарлауын сұрады.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:

- Мемлекеттік бағдарламаның  атын жамылып сол ақша табудың жолын тауып алған . Бұл жәйттерге қатысты 50 мың теңгеден алған әр жәбірленушіден. Ал, мен саған одан да көп 10 есе артық алып берем деген. Сол сеніміне кірген әр адамның.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде