{metadescription}
Елге есірткі шектіріп, көрсеткішін жоғарылатпақ болған
Елге есірткі шектіріп, көрсеткішін жоғарылатпақ болған

Елге есірткі шектіріп, көрсеткішін жоғарылатпақ болған

Шымкентте 4 бірдей учаскелік инспектор жұртты қылмысқа итермелегендері үшін жазасын алды. Қос капитан мен екі аға лейтенант шендерінен де айырылды.

Біржан Баязеров, Нұрсұлтан Алғи, Нұрсұлтан Досболов пен Тимур Ділдәбеков былтырдан бері бір учаскеде қызмет атқарған екен. Жыл басында қызметтік көрсеткіштерін жақсарту үшін бұл тәртіп сақшылары өздерінің танысына есірткі беріп, шегуге келісетін адам тап деп бұйырыпты. Марихуана шегіп отырған жерінде әлгі нашақорды ұстау арқылы көрсеткішті көтереміз деп ойлаған. Алайда полицейлердің есірткі тапсырған сенімді адамы нашақорды іздемей, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданған. Сөйтіп, мансаптарын өсіреміз деп жүріп ұсталып тынған тәртіп сақшыларының үшеуіне 5 жыл берілсе, қылмысты ойластырғанда бас-қасында болып, бірақ жүзеге асыру кезінде оқуда болған капитан Нұрсұлтан Досболов 3 жылға кесілді. Ал үкімді тыңдау үшін сот залына келген полицейлердің туыстары мен жолдастары тілшілер тобын түтіп жей жаздады.

Әбинұр Қарабаев, судья:

- Сол қызметтік көрсеткіштерді жоғарылату мақсатында есірткі затты пайдаланатын адамдарды ұстаған.  Сөйтіп қылмысқа барған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.