{metadescription}
Пиротехника сатушыларды полицейлер тығырыққа тіреді
Пиротехника сатушыларды полицейлер тығырыққа тіреді

Пиротехника сатушыларды полицейлер тығырыққа тіреді

Петропавлдық тәртіп сақшылары шаһар базарларын аралап, заңсыз сатылып жатқан пиротехникаларды тәркілеуде. Бұл шара мереке күндері жазатайым жағдайлардың алдын алуға бірден бір сеп дейді олар.

Желтоқсан айының басынан бастап осындай алты рейд  ұйымдасытырылған. Осы жолғысына тіпті жедел әрекет ететін арнайы топ өкілдері де жұмылдырылған.  Автоматпен  қаруланып, бетперде кигендерден қаймықты ма, пиротехника сатушылары өз тауарларын бірден  полицейлерге жиып беріп жатты. Тәркіленген тауар алдымен сараптамаға жіберіледі екен. Егер ол қауіпті деп танылса, суға салынып залалсыздандырылады. Ал сатушыға 50 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған. Бір қызығы , өздері жұртқа қауіпті тауар сатқанымен, сатушылардың дені өз балаларына мұндай дүниені ұстатпауға тырысады екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде