Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті
Көлік тізгіндеген жүргізушілердің бірі жедел-жәрдем жеткенше оқиға орнында жан тапсырған.
Автор: Әйгерім Шакаманова
28.12.2017
Жол апаты «Павлодар-Қызылорда» тас жолында болған. «Nissan» мен «Toyota» көліктерінің соқтығысуынан іште болған бес адам жарақаттанып, Екібастұз қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің арасында 82 жастағы қарияның болғанын айта кетейік. Оқиға орнында көз жұмған нисcанның 46 жастағы жүргізушісі оңтүстік өңірдің тұрғыны екен. Ал жол ережесін бұзған тойотаның жүргізушісі дәрігерлердің бақылауынан соң үйіне жіберілген. Орын алған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!