{metadescription}
Ел тұрғындарына құпия жазба қалдыруға заңмен тыйым салынды
Ел тұрғындарына құпия жазба қалдыруға заңмен тыйым салынды

Ел тұрғындарына құпия жазба қалдыруға заңмен тыйым салынды

Журналистер жаңа жылдан бастап ақпаратты жарияламас бұрын  жазбаша келісім алуға міндетті. Бірақ бұл талап құпия мәліметтерге ғана қатысты. Бүгін президент осындай баптар енгізілген Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға қол қойды. Құжат қаңтардан бастап күшіне енеді.

Яғни, журналист жеке отбасылық, коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерді жұртқа жеткізу үшін алдын ала ескертіп, рұқсатын алады. Иесі келіспесе, материал жарыққа шықпауы тиіс. Жаңа заң бойынша, тілші тек мәдени шаралар, спорттық сайыстар мен көпшіліктің алдында сөйлеп тұрған адамдарды ғана рұқсатсыз видео, фотоға түсіріп, материалында  пайдаланады. Және телеарна мен басылымдарға зорлық-зомбылық, қысым көрген баланың түрі анық көрінетін фото, видеоны жариялауға тыйым салынады. Ал шенеуніктер журналистердің сауалына қазіргідей үш күнде емес, жеті күнде жауап беруі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде