Назарбаев айыппұлды азайтатын заңға қол қойды
Жүргізушілерге жағымды жаңалық! Жаңа жылдан бастап жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі азаяды. Өзгертулер енгізілген заңға бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
Автор: Досжан Маратұлы
28.12.2017
Жаңа құжайтқа сай, қарсы жолаққа шығып кеткен көлік иесі 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұрын жаза бір жыл болатын. Күндіз машинасының шамын жақпағандарға енді ескерту жасалады немесе 7 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қазіргі құжат бойынша, айыппұл 13 мың теңге. Темір тұлпарын тыйым салған жерге қойғандарға да айыппұл екі есеге азайған. Ал, полицейлерге бағынбай, қарсылық танытқандар мемлекетке 68 мың теңге төлейді. Бірақ, бұл қылығын екінші рет қайталаса жарты жыл көлік жүргізуге тыйым салынбақ. Ал ұсақ-түйек ереже бұзғандарға көбіне ескерту болады. Өзгерген жаңа жол ережесі енді 10 күннен кейін күшіне енеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!