{metadescription}
Алматыда саудагерлер тағы  бас көтерді
Алматыда саудагерлер тағы  бас көтерді

Алматыда саудагерлер тағы бас көтерді

«Рахат» базарының саудагерлері базар басшылығымен қырқысып қалды. Себебі, сауда орындарын жалға беру ақысын шамамен екі есеге қымбаттатып жатыр екен. Қыстың қара суығында затымыз өтпей қалды деп қиналғандарға бұл жаңалық төбеден жай түсіріпті. Ал базар қожайындары болса сатушылардың бас қайғысымен шаруасы жоқ.

Суыт жүрген қараң-қүраң адам. «Барахолканың» қай кездегі әдеті сол күйі сақталған. Жайма базардың жарқын үлгісі саналатын жерде бүгін тағы айқай. Қожайындар жаңа жылдан бастап базардың бір бөлігінде жалға беру ақысын шамамен 85 пайызға арттырмақшы екен.

Айдар Әбитжанов, сатушы:

-"Рахат" базары болған. Бұны үшке бөліп алды. Жаңа қожайындар келді. Солар өз талаптарын айтып жатыр. Ештеңе өзгертпей, халықтан ақша алғысы келеді.

Сауда жүрмей қалды деп зар илеген сатушылардың бұған келіскісі жоқ. Жаз болса ыстық пен қолаңса иіс жайлап, қыс болса, ызғар өтіп тұратын жерді жалға алу үшін қыруар ақша беруге түбегейлі қарсы. 

Ұлдай Жояншурина, сатушы:

- 50 мың төлейсіз дейді.  Адамның жағдайына қарау керек қой. Бізде сауда да жоқ қазір. Отырмыз міне бәрі қаңырап.

Базар деген аты болмаса, сауда жасауға жағдай жасалған деп айтуға ауыз бармайды. Санитарлық талаптың ауылы алыс екені айтпаса да түсінікті.

-Жауын мен қардан қорған болар осы жіпке ілінген қу шүберек шатыр ғана. Ал қараңғы түссе тіпті көз байланады. Өйткені мұнда жарық жүргізілмеген. 33:08 Аяқтың асты шылқыған су немесе қатқан мұз. Осындай жағдайда отырғаны үшін сатушылар айына 28500 теңге төлейді.

 «Рахат» сауда орталығының осы бөлігін сатып алған жаңа қожайын енді жаңа жылдан бастап сол бағаны 50 мыңға көтеріп жатыр екен. Ол дегеніңіз шамамен 500-дей саудагер осыған көнуі керек деген сөз. Бірақ олар бағаға келіспейді. Осындағы базар иесінің өкілімен дәл осылай күнде айтысамыз дейді.

-Құр босқа су құйып жатсыз  Ертең бірінші қаңтардан бастап істейміз. Бірінші қаңтарға дейін қанша қанымызды іштіңіз.

Жаңа басшылықтың уәжі  6-қаңтардан бастап сатып алған бөлігін қайта жөндемек. Сөйтіп, мына кісілерге 50 мыңдық жаңа келісім-шарт ұсынбақ.

Жеңіс Нұрбеков, «Рахат» базары директорының міндетін атқарушы:

- 6-қаңтарға дейін істейтін жерлеріміз бар. Іші бар, ішіндегі жарық бар. Қазір қатарлардан өтіп қарасаңыздар ешқай жерінде жарық жоқ. Біз соның бәрін қоямыз. Камерасын қоямыз, күзеті қойылады. Біз соның бәрін реттестіріп жатырмыз.

Бірақ, жалға беру ақысы арзандай ма деген басты сұрақ бәрібір жауапсыз қалды. Сөйтіп, жаңа жыл «барахолка» үшін тағы даумен басталғалы тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде