{metadescription}
Ақтөбелік жүргізушілер газ құюға рұқсат беретін құжатқа таласып жатыр
Ақтөбелік жүргізушілер газ құюға рұқсат беретін құжатқа таласып жатыр

Ақтөбелік жүргізушілер газ құюға рұқсат беретін құжатқа таласып жатыр

Ақтөбедегі халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көлікке берілетін техникалық паспортты әзірлеп үлгермей жатыр. Өйткені қолында рұқсат құжаты жоқтарға автогаз құюға бұл аймақта тыйым салынған. Енді жаныққан жүргізушілер көлік құжатына белгі соқтыруға орталыққа ағылуда. Бірақ бір паспорттың өзі екі сағатта ғана дайын болады. Онымен қоймай қалтаға салмақ түсіп жатыр деп ашынады жүргізушілер.

Ақтөбедегі автокөлікке құжат әзірлейтін орталықта ине шаншар орын жоқ. Құдды бір вокзалға айналғандай. Алыс жолға шыққан жолаушы секілді машинаның паспортына белгі соқтыруға келген жүздеген жүргізуші сағаттап кезегін күтуде. Өйткені көлігіне газ қондырғысын орнатуға рұқсат алмағандарды жанармай бекетіндегілер маңайына жолатпайды. Газ тасымалдаушылар қауымдастығының талабы солай. Енді амалсыз белгі соқтыруға осында ағылып жатыр.

Данияр Сарқұлов, мемлекеттік аға көлік инспекторы:

- Өткен аптада 30-35 адамға дейін келіп құжаттарын тапсырса, қазір осы аптада екі есеге көбейді. 

Жүргізушілер ойламаған жерден қыспаққа алған қауымдастықтың талабына шүйлігіп отыр. Техпаспортта белгісі жоқтарға газ сатылмайтыны туралы алдын ала ескерту керек еді деп ашынады. Онымен қоймай, құжат рәсімдеудің өзі қалтаға біраз салмақ салып отырғанын айтады.

Түгелбай Сейітқалиев, көлік жүргізуші:

-Құжат дайындауға кем дегенде он екі мыңдай ақша кетеді. Жаңа жыл алдында жанығып қалып жатырмыз. Техпаспортта белгі болмаған соң газ сатпайды. Жол сақшылары да газ қондырғысының құжатын тексеріп жолда тоқтата беретін болған. Амал жоқ келіп тұрмыз.

-Қазір Ақтөбеде қырық мың көліктің газ қондырғысын орнатқаны туралы құжаты бар. Бұл аймақта автогаз арзан болғандықтан әлі де белгі соқтырмағандары жетерлік. Сондықтан көпшілік жүргізуші тыйымға қарсы болып, құзырлы органдарға шағымда түсіріпті. Олар арыздарында тұтынушылар құқығының бұзылып отырғанын көрсеткен. Дегенмен, әзірге оған тұщымды жауап беріп жатқан ешкім жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде