Жамбыл облысында есірткіге лық көлікті тастай қашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр
Жамбыл облысында «Тойота лэнд крузер» көлігінің жүргізушісі іздестірілуде. Белгісіз біреу анашаға лық толы көлігін рельстің үстіне қалдырып кеткен. Ал тоқтап үлгермеген жүк пойызы машинаны бүйірден соғып, соның кесірінен өрт болған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.12.2017
Есіртікінің 20 келісінен басқасы түгел жанып кетті. Машинистің айтуынша, көліктің шамы қосылған күйде рельстің үстінде тұрған. Ескерту дыбысына да темір тұлпар қозғала қоймаған. Кейін белгілі болғанындай, ішінде адам болмапты. Ал қатты соққыдан техника лапылдап жанып, отарбаның тоқтауына тура келген. Тіпті жүк пойызының бір вагоны да өртке орана жаздапты. Бірақ оқиға орнына шұғыл жеткен теміржолшылар вогонды ажыратып үлгерген. Сөйтіп тілсіз жауды ауыздықтап, тек бір сағаттан соң ғана пойыз қайта жолға шықты. Ал джиптің мұнда қалай пайда болғаны және ішіндегі есірткіні тасымақ болған кім екені белгісіз. Болжам бойынша машина рельстен өте бере істен шыққан. Сосын амалсыз жүргізуші оны тастап кетуге мәжбүр болған. Ал жанып кеткен тойотаның мемлекеттік нөмірі болмағандықтан, егесін де табу қиынға соғуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!